Мазмұнға өту

Жаңа

Экологияға да, экономикаға да тиімді

«Метан дәуірі» бүгінде көптеген елдердің энергетикалық дағдарыстан шығуға арналған стратегиясына айналып отыр. Ол энергия ретінде табиғи немесе ілеспе мұнай газын тұтынуға негізделген. Қазіргі таңда Нидерланды, Норвегия және Ресей жылу көзі үшін қатты отын түрлерін емес, көгілдір отынды пайдалануға көп көңіл бөлуде. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Себебі, елдегі кез келген шаруашылық үшін табиғи газды пайдалану басқа отындармен және энергия көздерімен салыстырғанда арзан әрі экологияға зиянсыз. Табиғи газдың 92-98 пайызы метаннан тұрады. Метан – түссіз, иіссіз газ әрі ден­сау­лыққа да айтарлықтай зиян келтірмейді. Ал біз күнделікті тұрмыста немесе өндірісте қол­данатын табиғи газға адам сезіп, білуі үшін иісі бар арнаулы қоспа қосылады. Кезінде ағаш отынды көмір, ал оны мұ­най қалай а…

0
0
553

2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Өрлеу» бағдарламасына 150 мыңға жуық азамат қатысты

Бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларымен қатар, 14 облыстың барлығында «Өрлеу» пилоттық жобасы кеңінен жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес, аталған жобаға қатысушылардың саны 148,8 мыңға жетіп отыр. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артық. «Өрлеу» пилоттық жобасына отбасыларды тарту және атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында 238 кеңесші және 1047 ассистент жұмысқа тартылды. Аталған есепті кезеңге сәйкес, кеңесші мамандар 236,4 мың отбасыны ақпараттандырып, оның 26,6 мыңы жобаға қатысты. Бүгінде, соңғы мәліметтер, түсіндіру жұмыстарында Астана қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Павлодар облыстарының белсенділігінің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған 30,5 мың адам…

0
0
482

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл қаласының №10 орта мектебінде

 

А.ж. 3 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді топ №10 орта мектебінің ұжымымен кездесті.

Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұжымдар мүшелерін  аталмыш мәселеде белсенді азаматтық көзқарас танытуларына шақырды.

Қызметкерлер болса, жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына тиісті түсіндірмелер алды.

Кездесулер соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

1
0
430

Шек барма, махаббат мұңында «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Chris Spheeris-Mediterraneo

Бейнематериал авторы – Cristyandreii

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

         

Сыр берді-ау, шаршаған тағатым,

Күндерім, айларым, сағатым.

Жүйріксің, асықсың, шіркін-ай,

Зымырап барасың, тоқтамай.

 

Тіршілік торлаған, күндерім,

Ұйқысыз өткізген, түндерім.

Сарыға оранған, көңілім,

Бос қалған сезімсіз, өмірім.

 

Барма екен, бақ сезім жалғанда?

Неліктен, адамзат арманда?

Бұл қысқа, азғана ғұмырда,

Шек барма, махаббат мұңында.

 

https://www.youtube.com/watch?v=Cx5SR-NIEN4

1
1
835

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы туралы

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде ҚАЗИИТУ Ғылыми-білім кешенінің конференция залында «Сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру және қоғамда жемқорлықпен күрес мәдениетін ілгерілету» атты жобаны жүзеге асыру аясында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы туралы» семинар өткізілді. Семинардың бағдарламасы бойынша төмендегідей баяндамалар оқылды: БҚО Әділет департаментінің басшысы Куставлетов Х.М. «Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы аясында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру», «Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» басшысының орынбасары Гайнешов Е.Б. «Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойын…

0
0
517

Өтілі көптің- зейнетақысы мол

1 қазан – дүние жүзі бойынша Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымы бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында бекітілген болатын. Біздің мемлекетімізде 1 қазан - ерекше мәртебеге ие болған мейрам. Бұл күні біз қарияларымызға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп жылдар бойы адал еңбек етіп, болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еліміздің дамуына орасан үлес қосқан зейнеткерлерімізге ерекше құрмет көрсетеміз. Қарияларымыздың қартайған шақтарын лайықты қамтамасыз ету- мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Еліміздегі зейнеткерлердің басымдылығы үшін зейнетақы - жалғыз табыс көзі болып есептеледі, сол себептен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды мемлекет ерекше жауапкершілігіне алған. Зейнетақының тағайындау қағидалары, зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлері «Қа…

1
0
413

Өнімді инновацияларды ынталандыру

«Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Өндірістік сектор консорциумдарына (әрі қарай - ӨСК) арналған гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайтынын хабарлайды. Бағдарламаның мақсаты саланың жүйелік міндеттерін шешуге бағытталған технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар және өндірістік сектор кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдарды құру болып табылады. Бұл Гранттық бағдарлама бойынша технологияларды коммерцияландыру мерзімі үш (3) жылдан аспауы тиіс. Консорциум кем дегенде бір ғылыми ұйымнан (ЖОО, ҒЗИ және т.б.) ж…

0
0
596

Есіл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өткізілді

А.ж. 29 қыркүйек күні Департаменттің басшысы Есіл ауданы қызметшілерімен кездесуін өткізді. Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Бірінші институционалдық реформасының іске асыруы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басымдылық бағыты болып табылатынын атап өтті. Іс-шара қатысушыларына тестілеуден өту, конкурс өткізу тәртібі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары туралы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері түсіндірілді. Өткізілген кездесу барысында Департамент басшысы жиналғандарды мемлекеттік қызметшілерді оқыту, мемлекеттік органдардағы ауысушылығы, мемлекеттік қызметтерді көрсету, конкурстарды өткізу бағыттары бойынша ауданның нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар Есіл ау…

0
0
514

Дөңгелек үстел «Ыбырай Алтынсарин мұрасы – мәңгілікке қазына».

Дөңгелек үстел «Ыбырай Алтынсарин  мұрасы – мәңгілікке қазына».

«Алтынсарин оқулары» іс-шара циклінің  және «Рухани жаңғыру» атты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында 11 қазанда сағат 14.00-де Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Ыбырай Алтынсарин  мұрасы– мәңгілікке қазына» атты дөңгелек үстел өтеді.7-11 сынып оқушылары қазақ қоғамы өмірінің тұтастай адамгершілік-публицистік категориясына қазіргі тұрғыда қажетті баға беріп, ұғындыруға тырысады.

ІС-ШАРАНЫҢ БАСТАЛУЫ САҒАТ 14.00

Байланыс ақпараты:

Қасымқанов көш., 74 (Пушкин көш. бұрышы)

тел. 54-27-44 – Теплякова Надежда Минеевна, директор

39-00-42 – Видершпан Алла Леонидовна, ғылыми-әдістемелік бөлім

e-mail: albiblio@ya.ru

0
0
1250