Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл қаласының №10 орта мектебінде

 

А.ж. 3 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді топ №10 орта мектебінің ұжымымен кездесті.

Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұжымдар мүшелерін  аталмыш мәселеде белсенді азаматтық көзқарас танытуларына шақырды.

Қызметкерлер болса, жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына тиісті түсіндірмелер алды.

Кездесулер соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

 
1
0
387

Осы тақырып бойынша

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл қаласының №10 орта мектебінде - Yvision.kz