Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы туралы
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде ҚАЗИИТУ Ғылыми-білім кешенінің конференция залында «Сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру және қоғамда жемқорлықпен күрес мәдениетін ілгерілету» атты жобаны жүзеге асыру аясында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы туралы» семинар өткізілді.
Семинардың бағдарламасы бойынша төмендегідей баяндамалар оқылды:
БҚО Әділет департаментінің басшысы Куставлетов Х.М. «Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы аясында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру»,
«Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» басшысының орынбасары Гайнешов Е.Б. «Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметі»,
«ҚАЗИИТУ» ҒБК стратегиялық жоспарлау бойынша проректоры, құқықтану ғылымдарының кандидаты Кульпеисова О.М «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір аспектілері»,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаментінің персоналды басқару жөніндегі бас маманы, экономика ғылымдарының магистрі Самарханов Ә.Қ. «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру»,
БҚО бойынша төтенше жағдайлар Департаменті ТЖ-ды жою бөлімі бастығының м.а. Ихсанов Б.М. «Төтенше жағдайлар департаментінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары».
Сонымен қатар экономика ғылымдарының докторы, Хьюстон университетінің және Ломоносов атындағы Москва университетінің профессоры Афонин Ю.А. және Тольятти қаласындағы РФ Президенті жанындағы халық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Обрубов В.А. қатысып, семинар тақырыбына қатысты өз тәжірибелері мен пікірлерімен бөлісті.
Семинарға сонымен қатар БҚО шағын және орта бизнес саласындағы өкілдері қатысып, өз сұрақтарына жауап алып, тәжірибе алмасты.
Аталмыш семинардың нәтижесінде алдағы уақытта осы отырыс барысында айтылған мәселелерді тәжірибеде қолдану және қарым-қатынасты нығайту туралы шешім қаблыданды.
