Жаңа
«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл қаласы әкімдігінде

А.ж. 17 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді топ Петропавл қаласы әкімдігі бөлімдерінің басшылары және мамандарымен кездесті.
Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтып, аталмыш мәселеде ұжымды белсенді атсалысуға шақырды.
Әкімдік қызметкерлері жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын белсенді қойып, барлығына тиісті жауаптарын алды.
Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
Ақмола облысында қызметтік автокөлікке айырықша белгілерді орнату жұмыстары жүргізілуде
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мақсатында, Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен қызметтік автокөлік құралдарында айырықша белгілерді (жапсырмаларды) орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Көкшетау қаласы әкімі аппаратымен қызметтік автокөлікке сенім және Call Centr-дің телефондары көрсетіліп, айыра танылатын белгілер (жапсырмалар) орналастырылды. Жұмыстан тыс уақыт…
Қоғамдық қабылдау
А.ж. 18 қазанда Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде Қоғамдық қабылдау болып өтті.
Іс-шара барысында консультациялық көмекке 3 азамат жүгініп, оларға сәйкес көмек көрсетілді. Қатысушыларға жемқорлыққа қарсы мәтіндегі ақпараттық парақшалар таратылды.
Сондай-ақ, Жолдарда жемқорлық көріністерін азайту бойынша 10 қадам өңірлік қадамдық жоспарын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде «Қоғамдық қабылдаудың» апта сайын сәрсенбі күндері сағат 10.00 – ден 18.00 –ге дейін жұмысы ұйымдастырылған.
Әдеп жөніндегі кеңес отырысы
2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары О.Т. Омаровқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол шешім дайындау мен қабылдау кезінде заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, мемлекеттік сатып алудың қатысушылардың құқықтарын бұзды, яғни мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасады. Сондай-ақ, қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы Ерейментау ауданының әк…
Заңмен қорғалатын коммерциялық, банктік және өзге де құпия мәліметтерге рұқсаттың болуы жағдайында сот орындаушылардың адалдығын қамтамасыз ету мәселелері
А.ж. 17 қазанда Ақмола облысы Әділет департаментінде «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Заңмен қорғалатын коммерциялық, банктік және өзге де құпия мәліметтерге рұқсаттың болуы жағдайында сот орындаушылардың адалдығын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік сот орындаушылары әрекетінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ, саладағы жемқорлық құқықбұзушылықтардың құқықтық статистикасының теріс көрсеткіштерін ашу, мемлекеттік сот орындаушылар санын азайта отырып, жеке сот орындаушылары құрамын кеңейту бойынша шараларды талқылау. Іс-шараға ҚР МҚІжСЖІҚ Ақмола облысы бойчынша департаменті басшысының орынбасары Д.Хайруллин, Ақмола облысының әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Өмірзақов, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, ме…
Мобильді топтың кезекті кездесуі
2017 жылдың 17 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Орал қалалық мәдениет ұйымдарының қызметкерлерімен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысыныңорынбасары А.Жұбаныш, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Ж.Абдрахманов және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалы төрағасының орынбасары Б.Атауов және мәдениет саласының қызметкерлері қ…
Үйлену тойына жүргізуші таңдау
Сөздің майын тамызып, қамырдан қыл суырғандай етіп анық сөйлеу, әдемі дауыс пен келбет, айтқан сөзіне сендіре білу, тыңдата білу, күлдірте білу, жағдайды бақылауда ұстай білу. Қалай ойлайсыздар, бұл қасиеттердің барлығы бір уақытта, бір адамның бойынан табылуы мүмкін бе? Әрине, жүргізуші қызметін атқарып жүрген ағайындар. Талантты жүргізушілердің бойынан бұл қасиеттердің барлығы табылады және олар бір шара барысында өзін көрсету үшін түрлі жолдарды қолдана біледі, үнемі ізденісте жүреді. Себебі, бірсарынды жүргізу стилі халықты жалықтырып алуы мүмкін. Сонымен, алда үйлену тойы күтіп тұр. Ал сіздің ең басты міндеттеріңіздің бірі – үздік той асабасын табу. Өйткені, ауқымды кешті көңілді басқара алатын адам міндетті түрде керек. Кештің жақсы/жаман болуы көп сәттерде осы тамада/жүргізушілерді…
«Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Кешенді жоспарды орындау бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментімен «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің филиалдарының және қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі ашықтыққа, объективтілікке, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілердің болмауына аса назар аударылды.
Бұл палата білім беру жүйесінде адалдық пен академиялық шыншылдықты қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынады
2017 жылдың 15 қазанында «Жас Отан» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы ҚР МҚІжСЖҚІҚА БҚО бойынша департаменті, «БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» ЖҚБ және ғылыми зерттеулерді қолдау қорларымен бірлесе отырып «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған облыстық іріктеу турнирін өткізді.
Турнир қарарларының бірі «Бұл палата білім беру жүйесінде адалдық пен академиялық шыншылдықты қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынады». Бұл қарардан басқа, Алаш Орда үкіметінің құрылуы, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы жастардың рөлі, латын тіліне көшудің тиімді жолдары мәселелері талқыланды.
Жеңімпаздар Алматы қаласында өтетін республикалық турнирге қатысуға жолдама алды.