Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 17 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Орал қалалық мәдениет ұйымдарының қызметкерлерімен кезекті кездесуін өткізді.

Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысыныңорынбасары А.Жұбаныш, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Ж.Абдрахманов және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалы төрағасының орынбасары Б.Атауов және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 
0
0
441

Осы тақырып бойынша

Мобильді топтың кезекті кездесуі - Yvision.kz