«Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Кешенді жоспарды орындау бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментімен «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің филиалдарының және қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі ашықтыққа, объективтілікке, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілердің болмауына аса назар аударылды.
