Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің МЭС Сарапшылық кеңесінің жұмысы туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 56 бабына сәйкес, қауіптілігі жоғары нысандарға қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қарау үшін 2016 жылдың қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінде құрамына қызметтері қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, жұртшылық, кәсіпкерлер палатасы және БАҚ өкілдері кіретін мемлекеттік экологиялық сараптаманың Сарапшылық кеңесі құрылған болатын.
2016 жылы Сарапшылық кеңестің 5 отырысы өткізілді, онда барлығы 4 жобалық құжаттама қаралды, 2017 жылдың 9 айында – 4 отырыс өткізіліп, 7 жобалық құжаттама қаралды.
Сарапшылық кеңестің отырыстарында облыстың ірі табиғат пайдаланушыларының жобалары қаралды, атап айтқанда, «Батыс Табиғат» ЖШС, Қарашығанқ Петролиум Оперейтинг б.в. компаниясы, «Жайықмұнай» ЖШС, «BKKS LPG» ЖШС, «Орал құс фабрикасы» ЖШС, «Жайық Дизель Сауда» ЖШС.
2017 жылдың 12 қазанында Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданындағы Қарашығанақ мұнай-газ-конденсат кен орнында Сарапшылық кеңестің көшпелі отырысы өткізілді. Көшпелі отырыста КПО б.в. компаниясының келесі жобалары талқыланды:
- «2018 жылға арналған Қарашығанақ мұнай-газ-конденсат кен орны нысандарының атмосфераға ластағыш заттардың шекті рұқсат етілген шығарындыларының (ШРШ) нормативтері жобасы».
- «2018 жылға арналған Қарашығанақ мұнай-газ-конденсат кен орны аумағындағы жер асты қабатына төгінді сулармен бірге айдалатын ластағыш заттардың шекті рұқсат етілген төгінділерінің (ШРТ) нормативтері жобасы»
Сарапшылық кеңестің алдыңғы отырысында берілген ескертулер ескеріліп, бірінші жоба бойынша, атмосфераға шығарылатын зиянды заттар көлемі 28,5 мың тоннадан 19,9 мың тоннаға дейін азайған. Екінші жоба бойынша компанияның бас директорымен бекітілген арнайы «Жол картасы» жасақталып, шараларды іске асыру жолдары және мерзімдері белгіленген.
Отырыста БҚО бойынша экология департаментінің басшысы, мемлекеттік экологиялық сараптамасының срапшылық кеңесі (МЭССК) төрағасы Ербол Қуанов экологиялық ахуалды жақсарту бағытында ҚР Энергетика министрлігінің стратегиялық жоспарлары жөнінде айтып өтті.
2017 жылдың 13 қазанында Департаментте Сарапшылық кеңестің кезекті отырысы өз жалғасын тапты. Сарапшылық кеңес отырысында «Жайықмұнай» ЖШС-не арналған атмосфераға ластағыш заттардың шекті рұқсат етілген шығарындылардың (ШРШ) нормативтері жобасы. Түзету» жобасы және «Батыс Эко Орталығы» ЖШС-нің эмиссия нормативтері жобалары (ПДВ, ПНРО) талқыланды.
Аталған іс-шараға Сарапшылық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері және Департамент мамандары қатысты, жиын нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданды.

0
0
1267

Осы тақырып бойынша

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің МЭС Сарапшылық кеңесінің жұмысы туралы - Yvision.kz