Әділет министрі М.Б. Бекетаев Түркия мемлекетінің делегациясымен кездесті
2017 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрі М. Бекетаев Түркия мемлекетінің Жоғарғы кассациялық сотының төрағасы Исмаил Рюштю Джирит және Түркияның Бас прокуроры Мехмет Акарджа бастаған делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында қатысушылар құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы талқылап, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жақсы деңгейде екендігін атап өтті. Кездесу достық жағдайда өтті.
Нәтижесінде қатысушылар кездесу үшін бір-біріне алғыс айтып, жұмыста жемісті болуды тіледі.
