Мазмұнға өту

Жаңа

Ғашық жүрек (Аудио өлең)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Влюбленное сердце»

Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сен менің, күндіз-түні, ойымдасың,

Тұмарымдай, тұла біткен, бойымдасың.

Атқан таңның, мынау күннің, нұрындасың,

Тұншық тұрмай, тұрған менің, ауамдасың.

Бір өзің, жебеп өткен, желімдесің,

Аспандағы, ақ бұлттардың, ішіндесің.

Жаңбыр болып, сен маған, төгілесің,

Ай мен күннің, бәрінің, ішіңдесің.

Жақындапты, қол жетпейтін, мынау белес,

Сенсіз жету, белеске, мүмкін емес.

Тек тағдырдан тілерім, болмай елес,

Мәңгілік, сезім болшы, силап тектес.

0
0
1258

NINETY ONE тобы әлемдік шоу-бизге қадам басты

Пайда болғанына көп бола қоймаған Қазақстандық Q-pop бағыты әлемдік аренаны бағындыруда. Аталмыш бағыттың негізін қалаушылар – еліміздің әйгілі Ninety One тобы алғашқы қадамын Оңтүстік Кореяны бағындыру арқылы жасады. Желтоқсан айының 24- жұлдызында Алматылық «Alamaty Arena» спорттық кешенінде өткен жеке концерттерінде тұсауы кесілген «Ah! Yah! Mah!» атты тың туынды, YouTube желісіне жүктелгеннен кейін 4 күннің ішінде 1 миллионнан астам қаралым жинап, Қазақстанның «Ең танымал» бейнелерінің қатарына енді. Өткен жылды осындай табыспен аяқтаған «Тәуелсіз өнердің тасушылары» K-pop субмәдениетінің орталығы – Оңтүстік Кореяға аттанды. Жігіттер Сеулдің көбіне жастар шоғырланған, танымал аудандарының бірі – Хоңдеде өнер көрсетті. Кореялық тыңдармандар Қазақстандық бойзбендтің өнеріне тәнті болып,…

3
2
2632

Сүйінші!!!

-Құдағи, сүйінші!.. -Қалағаныңызды алыңыз. -Қажет емес пұлыңыз, Сөзіме құлақ салыңыз. -Құлағым сізде, құда,- деп Қасын керіп назданды. -Содан бері жиырма қыс, Жиырма көктем жаз қалды. Қоңыраулы күз, Қоңыр күз Ұмытармыз қалай оны біз?! Немере мен шөбере Оңымыз бен солымыз. -Бір Алланың бергені Жалғасады жолымыз. Қартайтқанмен біздерді Ұрпағымызды түлетті. -Айтпаңыз енді, құдағи, Сүйсініп оқыр сіз ылғи, Бөбектердің үні дерлік, Сөйлейтұғын тілі дерлік, Көретұғын күні дерлік, Тәуелсіз ел нұры дерлік, Тәуелсіздік жыры дерлік. Күндей шалқып, Айдай толған Ана тілге, салт дәстүрге Туған күннен болған қорған. «Айналайын» жиырмада Жөргегінде ана тілінің Асыл діні, тінінің Жоқшысы болып ер жетті. -Осы сөзің, әй, құда, Салды еске бұл кепті. Ол кезде қазақ тілін мен Жатсынып біраз «бүлінгем». -Жүзінде…

2
0
758

Еліміздің сот жүесіндегі озық технологиялар.

Еліміздің сот жүесіндегі озық технологиялар. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері спорт, мәдени, әлеуметтік салаларында қарқын даму үстінде, сол салалардың ішіне сот жүйесіде кіреді. Қазіргі таңда сот жүйесіне және Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға аса қатты көңіл бөлініп отыр, оған дәлел елбасымыздың «100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында айқын көрінеді. Бүгінде Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда. Бұл жаңашылдықтардың барлығы отандық сот жүйесін неғұрлым жаңғырта түсті, атап айтқанда сот жүйесі озық технологиялермен қамтылған болатын, яғни барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталды. Бейнетіркеу жүйесінің негізгі басымдығы сот отырысына қатысушы барлық тараптарды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды тәртіпке шақырады, пр…

0
0
636

«Сиқырлы қолдың өнері»

6 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Қыздар әлемі» әдеби клубының қатысушылары үшін «Сиқырлы қолдың өнері» деген тақырыппен шеберлік сабағы өтті. Сабақта майда моншақ, иірімжіп және қағаз сияқты материалдар пайдаланылды. Кітапханашы иірімжіп пен майда моншақтан қалай білезік өруге болатынын тәртіптеп түсіндірді. Ал қағаздан жаңа жылдық аппликациялар мен қар бүршіктері жасалды. Шеберлік сабағы шағын дастархан жайылуымен аяқталды, дастархан басында қыздар оқыған кітаптарынан алған әсерлері жайлы достық жағдайда бөлісіп, жаңа жылдық ғажайыптар туралы әңгімелесті.

https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6508619409245336561?authkey=CNzynbnQxfzchAE

Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина#Алтынка библиотечная#ОДЮБ # қыздар_әлемі

0
0
360

Ризамын саған, тағдырым

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ara Gevorgyan “Karot” (Garod)

Бейнематериал авторы –

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Жүрегімнің, мынау сырын,

Түсінер ем, мен қалай?

Болмаса егер, от жалын,

Сүймесем сені, мен былай.

Кездеспесем, мен саған,

Сезер ме едім, бақытты?

Тізбек күннен, мен талай,

Табар ма едім, шаттықты?

Ризамын саған, тағдырым,

Сары күзге, нұр төккен.

Талпыныста, мынау жаным,

Табылсада, мың сөккен.

1
0
829

Неге-неге, ұмыттырмай жатасың...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Foolish Heart”

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Білдіріп қойсаң қалыңды, болмас пе еді?

Біле тұра, бір жүректі, аңсаған.

Мүлдем кету хабарсыз, дұрыс пе ді?

Мұңға салып жүректі, сен деп соққан.

Сол теңіздің қасына, тағы келдім,

Іздедім бе білмеймін, мен себебін.

Әлде елес шақырды ма, білмедім,

Көлеңкеңді, мүмкін сенің іздедім.

Нені жүрсің, айтшы жаным, сен ойлап?

Тапқандайсың аруыңды, көп таңдап.

Жүр екенсін ізденісте, сен байқап,

Ойландыңба, сенде-мендей, уайымдап.

Шіркін үміт, сарқылмаған сезімім,

Тыңдамайсың, неге мені, жүрегім?

Алып ұшып, қайда тағы барасың?

Неге-неге, ұмыттырмай жатасың?

0
0
398

Қандай бақыт, егер көрсең. Атқан таңды, тағыда

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Вадим Гурьев «С добрым утром, любимая»

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм парақшасы - aikosmuz

Өмір өзі, байлық екен,

Қанша қиын, болсада.

Қандай бақыт, егер көрсең,

Атқан таңды, тағыда.

Алыс жаққа, кеткеніңде,

Қандай бақыт, сағыну.

Тосып жатқан, от басыңмен,

Қайта құшып, табысу.

Қандай бақыт, сәби үнін,

Ести алсаң, қуанып.

Тәй-тәй басып, есейгенін,

Көре алсаң, тойлатып.

Қандай бақыт, әкең, шешең,

Тірі жүрсе, алдыңда.

Бауырларың, атаң, енең,

Мынау қасыңнан, табылса.

Қандай бақыт, елің болса,

Болса сенің, тамырың.

Әнің болса, жырың болса,

Мақтан тұтар, ұраның.

Қандай бақыт, көк аспаның,

Таза болса, бұлттардан.

Аман болса елің,халқың,

Мәнгіліқ, бұйырып ғасырдан.

1
1
591

Аппақ қарға оранып, Жаңа жылдық аудио құттықтау / Аудио поздравление от автора на Новый год

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Айбек Бекбосын «Тағдыр жолы»

Бейнематериал авторлары – Аскар Туребеков «Almaty city winter»

Tomico “Astana winter”

Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

Аппақ қарға оранып,

Байтақ далам нұрланып.

Жаңа жылға қуанып,

Тағы тұрмыз, қарсы алып.

Өткен жылмен қоштасып,

Ақ ниетті білдіріп.

Жаңа жылға, жаңа арман,

Құрдық, тағы да сеніп.

Төрлетші деп, бердік төрді,

Сый сыйпатпен, қарсы алып.

Жылдың күні, қандай сәнді,

Жылға арнадық, осы әнді.

Жаңа жылым, сиқыр әлем,

Ертегіңе шақырып.

Айналдырып әкетесің,

Қуанышқа батырып.

Жаңа жылым, келді елге,

Халқым, жұртым көңілді.

Қандай бақыт, байтақ жерге,

Бүгін ақтық, төгілді.

��[�

1
0
747