Домбыра-бай тарихы мен мәдени маңызы бар дәстүрлі қазақ музыкалық аспабы. Ол Қазақ ұлттық музыкасы мен өнерінің символы.
Домбыра-бұл алмұрт тәрізді ағаш корпусы және әдетте жылқының өзегінен жасалған екі ішекті аспап. Аспап әдетте оң қолдың саусақтары арқылы ойналады, ал сол қол әуен мен сүйемелдеу үшін қолданылады.
Домбырада ойнау қазақ мәдениеті мен дәстүрінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол ұлттық әндерді, билерді және аңыздарды сүйемелдеу және орындау үшін қолданылады. Домбыра ұлттық мерекелерде, үйлену тойларында, фестивальдарда және басқа да мәдени іс-шараларда жиі маңызды рөл атқарады.
Домбырада орындалатын Музыка әдетте әуезді, эмоционалды және қазақ халқының жаны мен көңіл-күйін жеткізеді. Ол өмір мен мәдениеттің әртүрлі аспектілерін көрсететін қайғылы, меланхолиялық немесе қуанышты болуы мүмкін. Домбырада ойнау қазақ халқының байлығы мен даналығын жеткізуге және қойылымдар мен концерттер кезінде ерекше атмосфера мен көңіл-күй қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Домбыра Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал. Ол қазақ мәдениеті мен өнеріне қызығушылық танытатын түрлі елдердің музыканттары мен музыка әуесқойларының назарын аударады. Сонымен қатар, домбыра дамып, музыканың жаңа стильдері мен жанрларына бейімделуді жалғастыруда, бұл осы таңғажайып аспаптың қызығушылығы мен тартымдылығын сақтауға мүмкіндік береді.
Алайда, домбыра мен ұлттық музыкалық мұраға да қиындықтар бар. Қазіргі дәуірде көптеген дәстүрлер мен өнер жаһанданудың, технологиялық прогрестің және аудиторияның талғамы мен қалауының өзгеруінің әсерінен жойылу қаупіне тап болады. Сондықтан жаңа ұрпақ осы бірегей өнерді тамашалап, үйренуі үшін домбыра мен Қазақ музыкасының дамуын сақтау және жалғастыру маңызды.
Домбыра-бұл музыкалық аспап қана емес, сонымен қатар қазақ мәдениеті мен бірегейлігінің нышаны. Ол адамдарды байланыстырады және қазақ мұрасының байлығы мен бірегейлігін сақтауға көмектеседі. Домбыра өзінің музыкалық, эмоционалдылығымен және керемет дыбысымен бүкіл әлемдегі музыканттар мен аудиторияны қуантады және шабыттандырады.
Кенжебек Дулатбек - жас ақын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі, қазіргі таңдағы магистранты. Қазақстан Республикасының "Алтын кітабы", "Жүз жаңа есімі" атты республикалық байқауларының жеңімпазы. Қазақстан дарынды жастарының "Алтын төсбелгісі - 2020", Қазақстан жастарының "Жүз жаңа есімі" төсбелгісінің иегері. Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі. Кербұлақ ауданы әкімінің "Жыл үздігі - 2021" жастар сыйлығының иегері. "Жырым сенсің, Кербұлақ", "Шабыт ақтаңгері" кітаптарының авторы.
- Журналистика жүрек қалауыңыз ба?
- Әр адам мейлінше өз таңдауымен санасып, жүрек қалаған армандарының төңірегінде жұмыс атқару керек. Мен таңдаған журналистика мамандығы да қажырлы қайрат, асқан білім мен жауапкершілікті талап етеді. Ес жиып, етек жинаған шақта таңдаулар мен талғам төңірегінде осы журналистика мамандығына ардақты абыз Асанәлі Әшімов атамыз бағдар берген болатын. «- балам, сен наныңды осы жақтан табасың» - деген бір ауыз сөзі өмірлік құндылығым мен ұстанымыма айналғандай. Атамыз бағдар беріп, жол сілтегеннен кейін қарашаңырақ ҚазҰУ – ға түсіп, осы күні магистратурада білім алып жатырмын.
-Ақындық өнер ата-тегіңізден дарыған ба?
-Ақындық өнер туған атам мен нағашы атамның бойында бар қасиет. Өз атам ойынан өлең құрастырып, нағашы атамның айтысатын қырлары бар. Бұл менің өлеңге деген шабытымды ашып, қиқуыма қиқу қостың.
-Жетістікке жетудегі құпияңыз қандай?
-Бұл жолдағы ең маңызды құндылық - табандылық. Айтқаннан қайтпау. Тәуекел жасау. Асыл дінімізде де адам мақсат тұтқанына міндетті түрде жетеді. Бұл жолда ең бастысы ниет. Алдыдан толассыз кедергілер, қапысыз қиындықтар шыққан шақта мойымау. Сол кезде ғана риясыз жетістік келеді және ол тұрақты болады.
-Журналистика мен ақындықты қалай ұштастырасыз?
-Екеуі бірдей толассыз ізденіс пен шалқар шабытты қажет етеді. Екеуіне бірдей қарау құндылығы бар.Аталған екі салада жетістікке жету үшін сол саланың көшінен қалмай, тиянақтылып танытып, халықтың игілігі үшін бағдарын бұрған абзал. Ал қу бастың қамын, қара қалтаның жайын ойлаған адам ақындықта да, журналистикада да белгілі бір межеге жете алмайды. Журналистика халық пен биліктің арасын жалғаған алтын көпір болса, ақындық өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын алтын көпір.
-Замандастарыңыздың арасында сіз үлгі тұтатын үздік азаматтар бар ма?
-Иә, әрине. Олар өздерінің мықтылығымен көзге түскен жандар ғой. Менің замандастарым өте мықты. Біздің замандастардың толқыны ерекше. Мен солардың кенжесіндеймін. Барлығын құрметтеймін, әр қайсынан жеке-жеке үлгі аламын. Біз бір-бірімізді құрметтеу арқылы құрметке ие боп келеміз.
-Мектеп қабырғасында бала Дулатбек қандай болды?
-Мен бала кезімнен сөзге жүйрік, айтқан нәрсені бойыма тез сіңіріп алатын болғанмын. Мектеп қабырғасында ән айтып, түрлі шаларға қатысып, үздіктердің қатарынан көрінуге тырысатынмын. Өлең жазуды бесінші сыныбымнан бастап, әдебиет әлеміне келдім. Кейін есейе келе оңашада кітап оқуды қалап, не бір уақыттардан өткен болатынмын. Тәтті естеліктердің тамшысы ғой...
-Қол жеткізген армандарыңыз жайлы айтып берсеңіз?
-Бала күнімде домбыра тартуды қатты армандайтынмын. Кәдімгі үлкен концерттерде, халықтың алдында қазақтың жалынды күйлерін орындап, қошеметке бөленгім келетін. Анығында бәрі адамның өз қолында екен ғой. Домбыра тартуды армандап, ютубтан арнайы әндерге арналған сабақтарды көріп жүріп, бар жоғы үш айдың ішінде домбыраны толық менгерген болатынмын. Қазіргі таңда қазақ даласынан шыққан күйшілердің барлық дерлік күйлерін еркін ойнай аламын. Бұл бір арманымның орындау процесі.
-Мектептегі қабілетіңізді ашып, сізді сөз өнеріне баулыған ұстаздарыңыз бар?
-Мектеп кезінде марқұм болып кеткен Құрманхан атты апайым болатын. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінен сабақ беретін. Сол кісі түрлі ақындық сайыстарына дайындап, жаңадан жазып жүрген өлеңдеріме түзету енгізетін. Осылайша ақындықтың жолына түсуме себепкер бірден-бір жан осы кісі.
-Университетте шыңдалуыңызға кәсіби бағыт-бағдар берген ұстаздарыңыз жайлы айтып берсеңіз?
-Кейіннен университет қабырғасында аяулы ұстаздарымыз Жидегүл Әбдіжәділқызы, Клара Қабылғазина, Сағатбек Медеубек, Кәкен Қамзин, Аманхан Әлімұлы сынды алыптардың тәрбиесі мен тәлімін көріп, көптеген жетістіктерге жеттік. Осындай аяулы ұстаздардың шәкірті болу мен үшін үлкен мақтаныш.
-Магистірлік диссертацияңызды қандай тақырыпта жазып жатырсыз?
-Әлеуметтану ғылымдарының бакалавры мамандығын оқығаннан кейін қазіргі таңда өнертану ғылымдарының магистрі атағын алу жолындамыз. Негізгі мамандық – медиадизайн. Болашақ диссертация тақырыбым « Телекеңістіктегі қазақ мәдениетінің қазіргі заманауи дәстүрлі медиадизайндағы элементтері»
-Қазіргі таңда кәсіби журналистикада қызмет етесіз бе?
-Мен үшін тележурналистика өте маңызды. Осы уақытқа дейін біршама отандық арналардан тәжірибеден өтіп, «Qazaqstan» ұлттық арнасында жарты жыл журналист-редактор қызметін атқардым. Қазіргі таңда оқумен қатар атақты бір компанияның медиа бөлімінде журналист қызметін атқарып жатырмын.
-Журналистика мамандығын таңдаған талапкерлерге қандай кеңес берер едіңіз?
-Біздің мамандыққа мектеп кезінен тыңғылықты дайындықпен келген абзал. Қазақ классиктерінің атақты шығармаларын оқып, мақала жазып, сөздің сарынына төселіп келген талапкерлерге журналистика факультетінің есігі әрдайым ашық. Жәй ғана таңдау осы болып тұр деген оймен келген болсаңыз қатты қателесесіз. Журналистика жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шабатын шын мықтылардың мекені.
-«Елімнің ертеңі үшін не істей аламын» деп толғанасыз ба?
-Кез-келген азамат ел үшін не істей аламын деп толғануы парыз. Отанның көркейуі күллі адамзаттың көркейуімен пара-пар. Сондықтан біз бабалардан қалған аманатты берік сақтап, ел үшін, жер үшін аянбай еңбек етуіміз парыз. Әр қазақтың алғашқы арманы да, бек мұраты да осы болуы тиіс.
-Алға қойған нақты мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызды бізбен бөлісе аласыз ба әлде ол құпия ма?
-Ешқандай да құпия емес, менің мақсттарым айқын. Адамның басты капиталы өз денсаулығы, жақындарының амандығы. Елінің тыныш, жерінің аман болуы. Осы асыл құндылықтар сай болса орындалмайтын арман мен жетпейтін мұрат жоқ. Өзі сүйіп таңдаған журналистика мамандығының шыңынан көрініп, ардан аттамай елге адал қызмет ету басты арманым мен борышым.
- Мәнді де мағыналы сұхбатыңыз үшін көп рақмет, Дулатбек аға. Алар асуларыңыз көп болсын!
Дүйсен Қарақат, Алматы қаласы №58 жалпы білім беретін мектептің 11 "Ә" сынып оқушысы Ғылыми жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәділқызы
Библиотекари нашего отдела в национальных костюмах со словами поздравления вышли в центр города с поздравительной акцией к Наурызу. Мы раздавали поздравительные визитки с тюльпанами (оригами) которые сделаны руками наших читателей. Хочется отметить что у жителей нашего города было весеннее предпраздничное настроение. Было роздано 40 тюльпанов и 40 поздравительных визиток.
В рамках празднования Наурыз мейрамы, прошли мастер-классы по изготовлению предметов национального быта. Используя цветную бумагу ребята сделали тюбетейки и юрты.
Тюбетейка- это головной убор, часть казахского национального костюма.
А юрта - незаменимая спутница кочевника, удобное жилище.
Вот что у нас получилось.
Мероприятие посвященное национальным играм «Нұр Наурыз – халық тойы» прошло для учащихся 2 класса частной школы «Үндестік». Участники праздника с интересом знакомились с казахскими традициями и обычаями, играли в национальные игры. Мероприятие прошло радостно и весело. Завершился наш праздник традиционным угощением «Шашу».
Мереке қарсаңында кітапханада бірқатар іс — шаралар өтуде.
"Наурыз думан" деген атаумен өткен іс-шарада оқырмандар назарына көрме-мерекесі ұйымдастырылып, барлық тілек білдірушілер мерекенің дәмін ашуға көмектесетін кітаптарды ғана емес, сонымен қатар ұлттық киімдермен селфи жасап, фотосуретке түсті. "Нұр Наурыз – халық тойы" ұлттық ойындарына арналған іс-шара бүгін "әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" тәрбиеленушілері үшін өтті. Мерекеге қатысушылар қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысып, ұлттық ойындар ойнады. Мереке барлық қатысушыларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл сыйлады. Мереке соңында балалар шеберлік сабағында "Қызғалдақтар" деген атаумен аталатын мерекелік ашықхаттар жасап, «Шашу» дәстүрінен дәм татып, қуанып қайтты.
С давних времён у восточных народов существует праздник «Наурыз». Суть этого праздника в единстве человека с природой. По этому поводу накануне великого праздника в библиотеке пройдёт ряд мероприятий — основной идеей которых раскрыть понимания празднования Наурыза, дополнить знания новой информацией.
К мероприятию была оформлена ярко-иллюстрированная выставка-праздник «Наурыз Думан » с которой все желающие могут взять не только книги которые помогут раскрыть весь колорит праздника, но и сделать селфи в национальных казахских костюмах. Мероприятие посвященное национальным играм «Нұр Наурыз – халық тойы» прошло уже сегодня для воспитанников «Центра по оказанию социальных услуг». Участники праздника с интересом знакомились с казахскими традициями и обычаями, играли в национальные игры. Во время праздника царила атмосфера добра, радости и веселья. Завершился наш праздник традиционным угощением «Шашу » и мастер-классом на котором ребята сделали праздничную открытку «Тюльпаны».
Әрқашан ең қымбат сыйлық , ол өз қолынмен жасалынған дүние. Біз кәмелетке толмаған бейімдеу орталығының балаларымен шеберлік сабақ өткіздік, олар түрлі-түсті қағаздан көлемді гүл жасауды үйренді. Гүлдер әрдәйім әдемі сыйлық және мерекенін сәні болып саналады.
«Объемные цветы»
Самым дорогим считается подарок, изготовленный своими руками, с душой. С ребятами из Центра адаптации несовершеннолетних мы провели мастер класс, на котором ребята научились из цветной бумаги делать объёмные цветы. Цветы станут прекрасным подарком и украсят любой праздник.
"Көктем, гүлдер мен мақтаулар "- деген атаумен «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілеріне арналған іс-шара өтті, балалар мерекелік букет жасап, қызғалдақтар туралы аңызды тыңдады, бәрінен бұрын оларға әйел есімдерімен караоке ән айту ұнады. Іс-шара шеберлік сабағымен аяқталды, онда олар "Көктемгі гүл"деп аталатын аппликация жасады.
Көктемнің шуақты күндері
Ерекше құлпырған өздері
Мерекемен құттықтап,
Жолдаймын жалынды сөздерді
«Весна, цветы и комплименты»
О женской красоте слагают оды,
Она пленит сильнейших из мужчин,
Она творение самой природы
И выше, самых больших величин.
Март… начало весны… Месяц доброго солнца. Пора, которая дарит нам один из самых радостных праздников- 8 Марта. «Весна, цветы и комплименты» - под таким названием прошло мероприятие для воспитанников « Центра по оказанию социальных услуг» Ребята составляли праздничный букет, прослушали легенду о тюльпанах, больше всего им понравилось петь караоке песни с женскими именами. Закончилось мероприятие мастер-классом на котором они делали аппликацию под названием «Весенний цветок».
Вот такие замечательные конфетно-цветочные букетики подготовили учащиеся 2 класса школы № 14 для своих мам и бабушек. Уверены, такие подарки, сделанные своими руками, не оставят никого равнодушными!