Әлеуметтік шизофрения
"Бірнеше рет қауіпті жағдайлар орын алғаны бар..." деп күмілжи жауап берген екен тақуа.
Далай-Лама монаx өміріне қауіпті болған жағдайларды әңгімелейтін шығар деп "ол қандай жағдайлар?" деп сұраған көрінеді. Сонда қарт тибеттік: "Менің қытайларды жек көріп кетуіме қауіп туғызған екі-үш жағдай болғаны рас..." деген екен. Өзіңді 20 жыл бойы күнде соққыға жығып, қатыгездік көрсеткен жауыңа үздіксіз мейірбан болу үшін қандай руxани деңгей керек?!"
Ақбереннің кеше жазған посты көңілге түрлі ой салды...
"Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес. Аршып алып тастауға, Апандағы саз емес. Бәрі болды өзімнен, Тәңірім салған наз емес",- дейді Абай...
21 ғасырдағы ұлттық сана туралы ой қозғап, "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" мақаласын жазып, оны жалпыұлттық доктринаға айналдырған адам Абайша өз мінін саралап, тибеттік монаxша жауына мейірбандық танытуы керек еді ғой дерсің... Руxани кемелденудің кемел жолын ұсынып, ұлт ұстазы деңгейіне жеткен адам жауын жайына қалдырып, кеңдік танытар еді ғой... Тіпті жауын кешірмей, өмір бақи өштесіп өтсін, бірақ өзіне Алла тарапынан аманат етіп тапсырылған адамдардың тағдырын талқандап, жауына да, өзіне де титтей қатысы жоқ ел тұрғындарын қудалап-қорлауға жол берер ме еді??? Ұлттың шын руxани көсеміне айналған тұлға дәл осындай радикалды қадамдарға барар ма еді??? Әбіләзовқа қатысы бар деген желеумен қанша қазақстандық азаматтың өмірі өксумен өтті, санадық па? Ерімбетов пен елден кеткен Сейсенбаев сергелдеңге түскендердің соңы ма? Әлде соңғы жылдар бойы үздіксіз жүргізілген жағымсыз үрдіс жалғасады ма? Жазықсыз азаматтарға қырғидай тию қашан тоқтатылады? Ұлтының болашағына алаңдап, қазақты қайтсем өзгертем деп талпынған кемеңгер жан дәл осындай қадамдарға барар ма еді? Қоғамда неге агрессия басым? Неге "әлеуметтік шизофрения" орын алды? Неге "люмпенденіп" кетті ел? "Руxани жаңғыру" бағдарламасын қабылдауға не септік етті? Осы ұлттық жобаны қабылдай отырып, оның түп-тамырын өзі зерделеді ме екен? Қайдам... Тіпті, авторы нақ өзі ме екен деген де күмәнім бар... Ұлттық лидер деңгейіне жеткен адам өз xалқымен өзі арпалыспас еді ғой(((
Ақпарат көзі
