Дандайсуға жөніміз бар, немесе Бүткіл дүние - түріктердің мекені
Қазір бүкіл әлем қызықтап көріп жатқан викинглер (скандинав тілдерінде де көптік түрі – vikinger) туралы америка және еуропа сериалдарында жаугер теңіз көшпелілерін Британ аралдарының момын жұртшылығы – «ДАН» дейді. Жалпы, бұл этнониммен (елесіммен) осы күнгі Дат (Дан) түбегінің тұрғындарын байырғыдан атайды. Еуропа ғалымдары бұл атауды Один Құдайы патшаның дүдәмал ұлы Данға әкеп тірейді.Бұл амалсыздан туған жансақ пікірге ұқсайды. Біріншіден, скандинав деректерінде Одиннің бұндай ұлы болғаны туралы деректер жоқ, екіншіден орыс тілтанушы ғалымы профессор Ю. Н. Дроздовтың айтуы бойынша «көне еуропалық этнонимиясында (елесімдерді зерттейтін ілімде) бұндай патроним (атадан тараған есім) Еуропада мүлдем кездеспейді». Дроздовтың тұжырымы мынадай: 1. Дан – көне түркі сөзі, 2. грамматикалық порм…


