Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қонаевта «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының жұмысы қорытындыланды

Іс-шараға партия Хатшысы Ринат Кертаев, сондай-ақ, партияның аудандық филиалдарының атқарушы хатшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.

📷Партияның өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев жиналғандарға филиалдың атқарған жұмыс нәтижелерін баяндады.

📷Оның айтуынша, жыл басынан бері партияның облыстық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 20 мыңға жуық арыз-шағым келіп түсіп, оның 12 мыңнан астамы оң шешімін тапты.

📷«Ел аумағында «AMANAT»-тың 800 мыңға жуық мүшесі бар. Алматы облысында бұл көрсеткіш 53 мыңнан асады. Бұл – халықтың бізге деген сенімі. Біз халықтың аманатын арқалаған партиямыз. Сондықтан қандай да бір мәселе туындаған кезде азаматтар әділет іздеп, біздің партияға келеді», – деді партия Хатшысы Ринат Кертаев.

«AMANAT»-тың өңірлік филиалының атқарушы хатшысы өз сөзінде партияның аймақтағы сайлауалды уәделерінің орындалу барысына тоқталды.

📷«Биыл өңірде 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Жуырда құс кешені іске қосылды. Бұл 400-ге жуық азаматқа жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді. 20 мектептің құрылысы жүргізіліп, 21 мектеп күрделі жөндеуден өтті», – деді Қуат Байғоджаев.

📷Сондай-ақ оның айтуынша, «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында келер жылы өңірдегі төрт ауданның кәсіпкерлеріне 7 млн 600 жүз мың теңгеге дейін, сондай-ақ жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен несие беріледі.

📷Айта кету керек, конференцияда ашық дауыс беру арқылы Қуат Байғоджаев «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

0
0
260

Осы тақырып бойынша

Қонаевта «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының жұмысы қорытындыланды - Yvision.kz