Аджария/Батуми сапары туралы, 2-бөлім
Сонымен түнгі автобуспен Тбилисиден Батумиге де жеттім, хостел иесі таңғы 6.00-де күтіп ала алмайтынын айтты, бірақ автовокзалдан таксимен жетуге болатынын, бағасы шамамен 10-15 лари екенін жеткізді. Автобуста отырған кезде хостел (TJ+Hostel) иесі Майя деген әйел (бәлкім әкімші) телефон шалып: «келіп жеттіңіз бе?» деп сұрады, оны автобус ішінде отырған басқа жолаушылар да естіген болатын. Түскен соң такси жүргізушілерімен сөйлесіп тұрған сәтте, автобустан шыққан бір ерлі-зайыптылар: «кішкене әрі жүріп, таксиге отыруға болады» деді. Жолды да көрсетті. Жаңбыр құйып тұр. Олармен бірге шамалы жүрген соң, басқа такси жүргізушісімен сөйлесіп: «мына қонақ жігітті апарып тастаңыз» деп жатты. Жүргізуші: «бүгін таңертеңгі алғашқы жолаушымсыз, бүгін күні сәтті болады» деп жатыр. «Есімім Мұрат, мұсыл…