ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қажымұқан мен Иманжүсіп

Иманжүсіптің жас кезі болса керек, 1881 жылы Омбы базарында полиция қызметкері бір қазақты айыптап, байғұсты өлтіріп тастайды. Өлген адамның туыстары жергілікті билікке арыз айта барады. Жоғары шенді шенеуік, жәбірленушілерді тыңдай келе, қысқа ғана: «Егер де шамаларың жетсе өздерің өш алыңдар. Сендер ержүрек, батыр емессіңдер ме?» деп өздерін келеке қылады. Полиция қызметкері ұзын бойлы, ерекше күш иесі екен. Сол уақытта 18 жасар жігіт алға суырылып шығып: «Шегініңдер, жол беріңдер» деп айқай салады да дойыр қамшымен полиция қызметкерін бір рет сықпыртып жіберді. Еңгезердей неме бірден жерге дүрс етіп құлайды. Бұл өзі сері, өзі ақын әрі батыр, ешкімге басын имей өткен Иманжүсіптің мықты қамшыгер болғанын білдіреді.

Енді бірде Қажымұқанның жастау кезі болса керек, Қоянды жәрмеңкесінде палуанға бір кісі: «сен неге маған сәлем бермейсің» деп сөзге келіп қалыпты.
Қажымұқанның дәуірлеп тұрған заманы, палуан оны көтеріп алып, үйдің төбесіне таяқ сияқты тік шаншып, отырғызып кетіпті.
Бұған ренжіген жаңағы кісі Қажымұқанның рулас ағасы болып келетін Иманжүсіпке шағымданыпты.
Содан Иманжүсіп киіз үйде отырған Қажымұқанға: "Сыртқа шық" деп айғай салыпты. Соны естіп далаға шыққан палуанды дүре қамшысымен бір салған екен. Қажекең қыңқ демеген ғой.
Сонда Қажымұқанның қасындағы кісілердің бірі кейін: «Қажеке, күш-қуатыңыз жетеді, ат-матымен аударып тастамадыңыз ба Иманжүсіпті?» деген екен.
Қажымұқан бүй депті: «Әрине, аударып тастар алар едім, бірақ ол ағам ғой» депті.
Ал, Иманжүсіп, егер, Қажымұқанды қамшымен қатты ұрса, майып болып кететін білген екен, ал ағасына қол көтермеген Қажымұқан да қара жаяу емес қой, жапонның жағын айырған палуан көк еті тілініп, денесі ауырса да жанындағыларға сыр білдірмеген екен.
Не деген сыйластық, құрмет, аға ініні тыңдаған, іні ағаны құрметтеген заман еді-ау!