Отандық кино ұлттық мүддені насихаттай ала ма?
Қазіргі таңда теледидарымызды мән-мағынасыз кинолар жаулап алды. Не тәрбиелік мәні жоқ, не ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын үлгі өнегесі жоқ киноларды көріп өскен ұрпақ қандай болады? Жаңа фильм болса, кинотеатрға ағылып, кейіннен көңіліміз толмай қалады. Сонда бұрынғы шоқтығы биік киноларымыздай туындылар қайда? Неге әлі де кино саласында ақсаңдап келеміз? Осы сұрақтардың төңірегінде жауап алу үшін жас режиссер Рақымжан Қалдыкөзді әңгімеге тарттық. Алғашқы сөзді кейіпкеріміздің өзі-ақ бастап кетті...- ОҚО, Қазығұрт ауданының Қосағаш ауылында туып-өстім. Ауылымздағы Қосағаш орта мектебін тәмамдап, арман қуып Алматыға бет алдым. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының кинорежиссер мамандығын бес жыл оқып, бала арманымды іске асырдым. Мектеп қабырғасында оқығанда, сөздің шындығы…