Гүржістан - гүл бағы, 1-бөлім

Былтырғы жылы әдеттегідей Наурыз мерекесін келесі бір түркі не парсы тілдес елде өткізуді жоспарлаған болатынмын. Өкінішке орай, ол ойға алған жоспарымыз іске аспаған еді. «Шешінген судан тайынбас» деп биылғы Гүржістанға сапарым сәтті аяқталды.

Әуелі Интернеттен Тбилисиге не Батумиға баратын ұшақтарды қарастырған кезде, Киев пен Мәскеу арқылы ұшып баратын болсаңыз билет құны арзан болатыным көрдім, дегенмен «аузы күйген үрлеп ішеді» демекші Астанадан Тбилисиге тура билет алдым. Өкініштісі барып-қайту билеттері тек 20 мен 23 наурыз аралығына болды. Сәйкесінше сапарымызды Грузияның экономикалық-саяси астанасы Тбилисиге, парламенттік астанасы Кутаисиге және туристік бас қаласы Батумиге жоспарладық. Ғаламтордың жақсы жері қажетті билеттерді (автобус және поезд) бәрін алдын ала онлайн алуға болады. Сөйтіп жоспар жасалды, билет алынды. Әуежайдан күтіп алатын трансферге тапсырыс берілді.

Бірақ, саяхат барысында өзгеріс енгізуге тура келді. 20 наурыз күні кешкі 17.00 сағатта Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайдан ұшып шығып, шамамен үш жарым сағатта Шота Руставели атындағы Тбилиси әуежайына қондық. Билет құны алдын ала алғанның өзінде шамамен 126 000 теңге болды, негізі Киев не Мәскеу арқылы ұшып баратын болсаңыз тіпті арзан. Егерhttp://www.scat.kz/kz/ арқылы ұшаққа билет алатын болсаңыз ұлттық әуе тасымалдаушысынан арзан түседі, алайда былтырғы оқиғадан кейін аталған компаниямен байланыс жасаудан бас тарттым.

Бұл жолы «Эйр Астананың» https://airastana.com/kaz/kk-kz/Home-kk-KZ ұшағы мен борт командасы ұнады, тамағын да берді, сыйлықтары да бар, қызмет көрсетуі де жақсы, шайымызды да іштік. Арасында көз шырамытып алып, борт журналын оқып, қосымша мәліметтер да алдық. Сөйтіп отырып, үш жарым сағаттың қалай өткенін де білмей қалдық. Тбилиси әуежайына қонып, тиісті шекара бақылауынан жедел өткен соң күтіп алушы жүргізуінің таксиіне отырып қаланың ескі бөлігіне жол тарттық.

Әдетте қонақ үйге тоқтайтын мен осы жолы хостелге тоқтадым https://www.booking.com/hotel/ge/tbil-home-hostel.ru.html… Хостелде бір күн қонып шығу ақысы 19,20 лари. Біріншіден, хостелді көргім келді, екіншіден мен сияқты салт басты туристке қонып шықсам болды емес пе? Әдетте саяхатқа отбасыммен не ініммен, болмаса әріптестеріммен баратын едім, осы жолы қарақан басымммен келдім, жалғыз жүргеннің бір жақсы жері ерік өзіңізде, қайда барамын және қалай жүремін десеңіз де патша көңіліңіз білсін?

Орналасып болған соң ескі қаладағы кешкі Тбилисиді аралаудан бастадым, бірақ Астанада отырып түнгі сағат 23.59 уақытына Батумиге автобусқа билет алып қойған едім http://geometro.ge/ru/home, әрине онлайн, ол бойынша және уақытымды үнемдеп, таңғы 6.00 шамасында Грузияның туристік астанасы Батумиге жеттім, жолай жол бойы асханасынан тамақ ішіп алып қалай тез жеткенімді байқамай да қалдым. Жолдары жақсы, әсіресе Тбилисиден шығар жол бойы самаладай жарқырап тұр. Айтқандай әуежайдан қалаға дейін такси мен Тбилисиден Батумиге дейінгі әрбірінің аралығына 25 ларидан кетті.

Алдында жазғандай түнгі қаланы аралап 2-3 сағатымды соған арнап едім, бұл ретте Грузияның бізге қатысты тарихынан ақпарат бере кетсем. Жалпы біздің арғы ата-бабаларымыз ғұн патшалығынан, сақ мемлекетінен, хазар қағанатынан, бергі заманда Дәшті Қыпшақ ұлыстарынан бері олармен байланыс жасап, сауда-экономикалық, мәдени-тарихи қатынас орнатқан. Арғы тарихымызға бармай-ақ, тек 1000 жылдық байланысымызға тоқтайтын болсақ, бабаларымыздың грузин мемлекетін сақталып қалуына сіңірген еңбегі зор, әрине ол туралы қазір айтылмайды.

Мысалы, 980 жылдардан бастап моңғолдар келгенге дейін Дәшті Қыпшақ жұрты Еділден Днепрге дейін, қазіргі Ресей мен Украинаның оңтүстігін мекендеп тұрды. Қыпшақтардың өздерін Еуропа халықтарына кең танытқан кезеңі осы уақытқа сәйкес келеді. «Моңғолдар келер алдында Ресейдің қазіргі оңтүстігіндегі ең саны көп тайпа қыпшақтар болғандықтан Алтын Орданы кейде Қыпшақ ордасы деп те атады».

Х ғасырдан бастап қыпшақтар, әсіресе, бытыраңқы жатқан Орыс князьдіктеріне жиі шабуыл жасап, алым-салық алып тұрған. Оған ауызбірлігі жоқ бір-бірімен қырғи-қабақ орыс князьдерінің өздері де көптен-көп себепші болып жүрді. Олар қыпшақ ақсүйектерімен құда болып, қыз алып, күйеу болып, жауынгер қыпшақтарды шақырып, өз саяси қарсыластарына қарсы әскери күш ретінде пайдаланып отырды. Бірнеше ғасыр бойы Ресей князьдіктері қыпшақтардың шабуылына ұшырап, олардың үстемдігін мойындап келді. Тек ХІІ ғасырдың басында орыс князьі Владимир Мономахтың ұйымдастыруымен қарсы шабуылдар жасап, бір рет Донға дейін жеткен.

Қыпшақтар орыс халқының да қалыптасуына өз үлестерін қосты. Мысал ретінде, орыс князьі, орыс халқының символына айналған Александр Невскийдің ата-тек шежіресін көрсетуге болады. Владимир Мономах (1053-1125) – Киев князі, оның баласы Юрий Владимирович Долгорукий (1090-1157) – Мәскеуді салдырушы князь (әйелі қыпшақ қызы), оның баласы Всеволод Юрьевич Большое Гнездо (1154-1212) әйелі қыпшақ қызы, 12 ұл туған. «Большое Гнездо» атауы содан шыққан. Оның баласы Ярослав Всеволодович (1191-1246), оның да әйелі қыпшақ, яғни, олардың баласы Александр Невский (1220-1263).

Қыпшақтар кейін Кавказ аймағында, әсіресе Грузияда да елеулі рөл атқара бастады. ХІ-ХІІ ғасырдағы Әзірбайжандағы билеуші Ильдениздер әулеті өздерін қыпшақтардан таратқан. 1118 жылы түрік селжұқтарынан қатты қысым көріп, жергілікті феодалдардың күшті қарсылығына ұшыраған Грузия патшасы ІV-і Давид өз еліне Артық хан басқарған 40 мың қыпшақ әскерін отбасыларымен шақыртып әкеліп, қоныстандырған.

Бұл қыпшақтар ІV-і Давидтің саяси қарсыластарына қарсы күресуіне көп көмек болды. Давидтің өзі Артық ханның қызына үйленген. Дон жағалауында қалған Артықтың інісі – Саржан бірнеше рет ағасын туған елге қайтып келуге шақырады. Елге оралуға көнбеген Артықхан тек соңғы жолы Саржан алып келген жусанды иіскеп, жусан иісі аңқыған туған жерін сағынып, қасындағыларын ертіп еліне оралған екен.

Сөйтіп ата-бабамыздың ізі қалған Тбилиси, Осман империясы заманында олардың бір аймағы болған Аджарияны да аралауға мүмкіндік туды, ол туралы кейінірек толығырақ жазатын боламын.
D@1�B|

