Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңа жиһаз сатып алғанда дұрыс таңдау жасаңыз

Көп адамдар жиһаз сатып алу ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жиһаз таңдау кезінде кез-келген адам оның сапасына күмәнданып тұрады. Тұрмыстық немесе балалар жиһазы, қоғамдық ғимараттарға арналған жиһаз, дизайны бойынша қарапайым немесе жоғары сапалы қазіргі заманғы және классикалық стильде жасалынған жиһаз көп жыл бойы өзінің қолайлылығымен, көркемдігімен бәрімізді қуантып отыруы керек, денсаулығымызға зиян келтірмей демалу немесе жұмыс кезінде жағдай жасауы қажет. Сондықтан, сатып алынған зат көңілімізді қалдырмас үшін, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен 2012 жылғы маусым айында Кедендік одақтың «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қабылданды. Ол адамның денсаулығы мен өмірін, мүлікті, қоршаған ортаны және жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатын…

0
0
1410

Бір жаралы жүрекке, болсын емім...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Francis Goya - Summernight Dreams

Бейнематериал авторы – Ine RP Braat

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстграмм – aikosmuz

Мұңлы өлеңді жазды деп, өкпелеме,

Беу ағайын, бұл өмір, текпен-теңбе.

Зырылдаған күндермен, шуақ түндер,

Көктем-жазды әкетіп, күз әкелер.

Тастан болсам, әйтеуір, жүрер едім,

Кетпен алып қолыма, орып салып.

Бір жаралы жүрекке, болсын емім,

Деп жазамын өлеңді, мұңға малып.

Жаман сөзге қалмайын, мен ойланып,

Жүрген жоқпа талайлар, тілден тауып.

Ойға батып жазамын, жүректі ашып,

Тағдыр берді, қоржынға, қалам салып.

Өткен шығар өмірім, бақ бұйырмай,

Арман болып, басыма, мүлдем қонбай.

Тіл кесілмей жүрсе екен, сөз тоқтамай,

Кұнсыз болып өмірім, бес тиындай.

1
0
565

Сенде бәрі жақсы болады.

Егер сіздің жасыңыз он сегізге келсе де өміріңіздегі мақсаттарыңызды айқындай алмасаңыз, алаңдамаңыз. 20-30 жастағы кейбір адамдар да сіз сияқты. Олар "үлкен" болғанымен, өз-өздерін әлі жөнді білмейді. Сондықтан он сегіз жасар сізде әлі уақыт бар. Мектепті бітіргеннен кейін сіз достарыңызды жоғалтасыз. Сізге бұл туралы ешкім айтпаса да, сіз олармен байланыста боламын деп ойласаңыз да, олай болмайды. Бұл қалыпты жағдай. Сіз жаңа достар табасыз. Сіз өз мамандығыңызды өзгерте аласыз. Оны қайтадан өзгерте аласыз. Алтыншы реттен кейін сіз кездейсоқ жақсы көретін нәрсеңізді таба аласыз.Сіздің жаныңыздағы адам сіз ойлағандай өзіне сенімді емес. Сіз ақымақ емессіз. Өзіңіз үшін жаңа нәрсе көріп, жаңа нәрсе ашуға қорықпаңыз. Өзіңізге ұнайтын нәрселерді жасаңыз, өйткені сіз кейін бос болмайсыз және…

1
0
884

Мен мектеп бітіретініме сенбеймін.

Мен өзімнің мектеп бітіруші екенімді сезбеймін. Келесі оқу жылы қайтадан сабаққа келемін. Мектепке елден бұрын ең бірінші келіп аламын. Қайтадан сабақ үстінде Алтынаймен әңгіме айтып, мұғалімнен ескерту аламын. Үзіліс сайын дәлізге шығамын, қайтадан кіші сыныптың балалары "Гохааа, мне без тебя так плохо" деген сөздерді айтып, бетіме күлімсіреп қарайды. Айнұр шашымды өріп береді. Үшінші сабақтан соң асханаға барып, жаңа піскен бәліш алып жеймін. Қайтадан Мерей екеуіміз ұрсысып қалып, екі күн өтпей жатып татуласып аламыз. Жанар Минашовна "Гаухара, ты так изменилась, раньше была тихой девочкой" деп айтады. Сабақтан қайтар жолда Абай-Пронина көшелерінің қиылысында өзімізше "қыздар" болып әңгіме айтамыз. Исма екеуіміз химиядан қашып, өзіміздің "құпия" орнымызда тығылып отырамыз. Қайтадан неше…

0
0
588

Өкпелегім келмейді, тағдырыма...

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Francis Goya (Russian Waltz)Бейнематериал авторы – Tatiana BlueӨңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыБауыржан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzӨкпелегім келмейді, тағдырыма,Ренжігім де келмейді, сынағына.Мен табындым, табиғат шындығына,Ғашық болдым, қуанып, таң нұрына.Мәңгі күрес өмірді, бағалаймын,Өкінішті өзіме, қаламаймын.Мұң тұмарын тақсамда, жылаймаймын,Кінәлі деп ешкімді, санамаймын.Сандығына өмірдің, салып қойып,Сөз тигізбей, сақтаймын сезімімді.Тұрсадағы, шуақ түндер, мұң салып,Өшпес үміт, торлайды жүрегімді.Қайтер едім білмесем, қайтер едім,Махаббаттың кұдіретін, мың өртеген.Кұлатса да, тұрғызған, осы сезім,Қайсарлыққа үйретіп, жетелеген.Түңілгеннен нені табам, түңілмеймін,Шын сүйгенге, не жетсі…

1
0
2348

«Кәне көңілді отырайық»

4 мамыр мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған бөлімде Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің 5-сынып оқушылардың қатысуымен кітапханамызға жаңадан келіп түскен Дария Джумагельдинованың «Еркеғали есімді еркетай» атты таныстыру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу «Кәне көңілді отырайық» деген ұранмен өтті. Өйткені шығарма өте қызықты, тартымды, көңілді жазылған. Балалар шығармамен танысып, өз көзқарастарын 3 топқа бөлініп, әр түрлі әдіс түрімен талдады. «Оқу үйірмесі» әдісінде оқушылар шығармадан үзіндіні дауыс ырғағына келтіре отырып, мәнерлі оқуымен жарысқа түсті. Ал «Үш қалпақты» әдіс түрінде үш түрлі қалпақты кие отырып, шығарманың теріс және оң қылықтарын, отбасындағы апа мен інінің, әке мен ананың және әженің қарым-қатынастарына өз ойларын қосты.…

0
0
353

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті оқырмандар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Шаттыққа толы осы күндер қазақстандағы барлық азаматтардың мерейін үстем еткен, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең тарихи мейрамдар! Бұл – Отан қорғаушылардың бұрынғы және қазіргі кездегі даңқты ерліктеріне сый-құрмет көрсетілетін айрықша күндер.Ұлы Жеңіс күнінің мәні ешқашан уақытпен шектелмейді! Бұл – біздің ата-бабаларымыздың жарқын болашақ үшін қан майданында кеудесін оққа төсеп, от кешуден өткен қайсар ерлігі. Бүкіл ел болып қасірет шеккен соғыс жылдары ата-ана, бала-шағаның майдан үшін маңдай терін тамшылатқан тылдағы жанкешті еңбектерінің айқын көрінісі. Ерлік – әрқашан елге мұра, ұрпаққа ұран.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның әрбір бес тұрғыны қару асынып, майданға аттанды.…

0
0
698

Ж.Асанов сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлерін алдағы мерекелерімен құттықтады

Жоғарғы Сотта Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, сондай-ақ жоғарғы сот органының Департамент қызметкерлері қатысты.Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов өзінің құттықтау сөзінде Жеңіс күні – келешек ұрпаққа бейбіт өмірдің қадір-қасиетін бағалай білуге шақыратын айрықша күн екендігін атап өтті. «Біз осы күндері елімізді, туған жерімізді, бостандығымызды қорғау жолында жас өмірлерін қиған аға ұрпаққа әрдайым тағзым етеміз. Қан майданда от кешкен аталарымыз бен әкелерімізді еске аламыз. Көбісі өмірден өтсе де олардың ерлігі есімізде мәңгі сақталмақ. Есімдері ешқашан ұмытылмайды», - деді ол.Ж.Асанов сот жүйесін дамытудың жеті басым бағыттағы жобаларын жүзеге асыру бойынша Жоғарғы Сотта құрылған жұмыс тобының…

0
0
645

Іздедім бақытты, іздедім...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – You're all I want «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – LiLoveLi

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Өмірдің, келем арқалап,

Жазылған маған, тағдырын.

Қайтемін, тағдырды талқылап,

Ол жеке, менің өмірім.

Өртендім, сезімнің отына,

Жаралы болды, жүрегім.

Бірақта, бақыт осында,

Жылап тұрып, сүйгенім.

Іздедім бақытты, іздедім,

Талпынды, жылаған жүрегім.

Бекетің, сенің қайда екен,

Бір соны, шіркін білмедім?

Бұл бақыт, ұқсас елеске,

Жалт етіп, сосын жоғалған.

Бұл әлде, бізге белес пе,

Үмітті жалғап, шақырған?

1
0
499

Care My Tours М.И.К.Е. Қазақстандағы туризм

May 1 2018: Care My Tours туристік фирмасының Outbound MICE туризміне маманданған жетекші туристік компаниясы үнемі Қазақстанды үнді компанияларының арасында жылжытады. 2018 жылдың 1 мамырында Үндістанның GATES корпорациясы жақында Алматыда 2018 жыл сайынғы конференциясын өткізді, онда әлемнің әртүрлі аймақтарынан компания қызметкерлеріне шамамен 92 қызметкер қатысты.

1
0
295