Сенде бәрі жақсы болады.
Егер сіздің жасыңыз он сегізге келсе де өміріңіздегі мақсаттарыңызды айқындай алмасаңыз, алаңдамаңыз. 20-30 жастағы кейбір адамдар да сіз сияқты. Олар "үлкен" болғанымен, өз-өздерін әлі жөнді білмейді. Сондықтан он сегіз жасар сізде әлі уақыт бар.
Мектепті бітіргеннен кейін сіз достарыңызды жоғалтасыз. Сізге бұл туралы ешкім айтпаса да, сіз олармен байланыста боламын деп ойласаңыз да, олай болмайды. Бұл қалыпты жағдай. Сіз жаңа достар табасыз.
Сіз өз мамандығыңызды өзгерте аласыз. Оны қайтадан өзгерте аласыз. Алтыншы реттен кейін сіз кездейсоқ жақсы көретін нәрсеңізді таба аласыз.
Сіздің жаныңыздағы адам сіз ойлағандай өзіне сенімді емес. Сіз ақымақ емессіз. Өзіңіз үшін жаңа нәрсе көріп, жаңа нәрсе ашуға қорықпаңыз. Өзіңізге ұнайтын нәрселерді жасаңыз, өйткені сіз кейін бос болмайсыз және олардан ләззат ала алмай қаласыз.
Сіз салмақ қосасыз, сол үшін өзіңізді жек көресіз,кейін жақсы көресіз. Барлық осы кішкентай заттардың себебінен үрейленбеңіз. Сіз тірісіз, бұл ең бастысы. Кішкентай сәттерден рақаттаныңыз.
Ақшаны үнемдеуді бастаңыз. Мұның бәрі төтенше жағдайларда, саяхат немесе басқа нәрсе үшін пайдалы. Сіз кейбір нәрселерге байланысты стресске ұшырайтын боласыз және сіз үміт жоқ деп ойлайсыз. Ол бар. Біз көп нәрсені асыра сілтейміз.
Терең дем алып жаман күндерді еске түсіріңіз, жақсы күндердің де болатынын есіңізден шығармаңыз. Өз-өзіңізге күлуден қорықпаңыз. Ұйықтап қалмау үшін оятқыш әуенін жиі ауыстырып отырыңыз. Сізді ынталандыратын әуендердің тізімін жасаңыз. Өзіңізді күтіңіз. Егер сізде сұрақтар туындаса, оларды сұраңыз. Ештеңені ұмытып кетпес үшін істер тізімдерін жазыңыз. Бірақ ең бастысы өзіңізге қамқор болыңыз. Егер күніңізді төсекте жатумен өткізгіңіз келсе, солай жасаңыз.
Сізде бәрі жақсы болады.
