Болашақты таңдау
Кәсіпті таңдау проблемасы қоғамдық болып табылады, өйткені қоғамның, экономиканың жағдайы, еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамту, дарындыларды айқындау мүмкіндігі мен оларды әсіресе лайықты қызмет саласына бағыттау дәл соған байланысты.Кәсіптік бағдар беру жұмысы «Еңбек» Жұмыспен қамту бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Осы жылдың 14 желтоқсанында Жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Р.Тұрғынова № 55 жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесті.Мұнда 75 жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар кәсіптер әлемімен, мамандық таңдау әдістерімен танысып, еңбек нарығындағы ең қажетті мамандықтар туралы білу үшін оларға тұсаукесер көрсетілді.Студенттермен әңгімелесу барысында болашақ мамандықты, Жоғары оқу орнын таңдау туралы әңгімелесу жүргізілді, бұл саналы таңд…