Близнецы фильмі туралы
Соңғы жылдары америкалық кинорежисcерлер, қазақстандық режиссерлер болсын қорқынышты ағылшынша айтқанда (horor) жанрында кино түсіріп жатыр. Комедиялық кинолардан гөрі қорқыныш, үрей тудыратын нәрсені көру халыққа ұнайды ма деген ой келеді. Әр апта сайын қорқынышты фильмдерге билеттер тез сатылып кетеді. Соған қарағанда өзінің жүйке жүйесін әлсіздікке тексерейін деген жастар мен қатар егде тартқан әжелеріміз көп екен. Қазақстандық режиссерлерден қорқыншты кино түсіремін деген ұмтылыс байқалғанымен, әлі де сол Жапония, Америка сынды спец-эффектілері ғажап, адамды бірден елең ете қалдыратын кинолар жоқтың қасы. Өзім қорқынышты кинолардан қорықсам да осылардың даусын естіп, сюжеттік шиеленісін қадағалап отырғанда керемет бір әсер алып қайтамын. Барлық қорқынышты киноны мен жанры жағынан баст…