Алғашқы Орталық Азия деректі кино форумы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Тарихымыздың көпқырлылығы мен көп өлшемділігін ұғынып, қабылдау» ұраны аясында Бірінші Орталық Азия деректі кино форумының өткізілу себебі, ұлттық тарихымыздың тереңінде жатқан ұлттық құндылықтарымызды, күре тамырымен зерделеп,деректі фильмдер арқылы кино кеңістігіне шығыру.
Форумның мерекелік әрі салтанатты ашылуы желтоқсан айының бесінші жұлдызында кино және телевизия саласында білікті маман даярлауда елімізде басты оқу орны болып табылатын Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында өтті. Форумның ашылу салтанатында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия докторы (PhD) А. Маемиров, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сценарист, режиссер Б.Қайырбеков, «Кино және ТВ» факультетінің деканы, өнертану кандидаты, доцент Г.Мұрсәлімова және бірқатар кино маманы сөз сөйлеп, көрсетілетін фильмдерге қысқаша тоқталды.
Академияның «Кино және ТВ» факультеті биыл ширек ғасырлық мерейтойына орай өткізілген алғашқы Орталық Азия деректі кино форумының өтуіне себепші болған сценарист, режиссер-документалист, ҚазҰӨА доценті Асия Байгожина. Форум бағдарламасына Орталық Азия аймағының белгілі документалисттері, КСРО Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, режиссер Шухрат Махмудов, Өзбекстандық сценарист және кинотанушы Разика Мергенбаева, «Дидор» ХКФ арт-директоры, философия ғылымдарының докторы Садулло Рахимов, НЕТПАК және ФИПРЕССИ қазылар алқасының мүшесі Гүлбара Толомушова, Тажікстаннан режиссер және продюсер, ХКФ лауреаты Орзумурод Шарипов, Қырғызстаннан жас документалисттердің көшбасшысы Жанышбек Дадабаев, еліміздің ең атақты документалист, режиссері Владимир Тюлькин, режиссер Ануар Райбаев, кинотанушы, Қазақстанның деректі киносы туралы диссертацияның авторы Александра Лумпова, жас және талантты режиссер Евгений Лумпов сынды өнер иелері қатысты. Үш күн бойы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы әйгілі бауырлас елдердің танымал режиссерлері мен кинематографистерінің кездесу орны болды. Осылайша, Академияның «Кино және ТВ» факультетінде деректі фильмдер режиссурасы бойынша оқу курстары жүйелі түрде жүзеге асырылғанын атап айтсақ болады. Форумға іріктелген фильмдер біздің Азияның жаңа бағытын көрсетті. Бұл өткенді және бүгінді байланыстыратын көптеген үзіктерден жасалған портрет жаңа идеялары жүзеге асырудың көрінісі болды.
Форумның бірінші күні – өзбек бағдарламасына, екінші күні – қырғыз бен тәжік бағдарламаларына арналды, ал соңғы күні қазақстандық картина көрсетілімі аяқтайды. Сонымен қатар «Орталық Азиядағы қазіргі таңдағы заманауи кино: тақырыптар, кейіпкерлер, мәселелер, даму тенденциялары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Еліміздің рухани құндылықтарын тереңінен дәріптейтін деректі фильмдер әлемдік деңгеңгейде үлкен мәнге ие. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан фильмдері осындай мәнге ие және ең білікті алға ұстайтын жоғары деңгейдегі режиссерлерімен ерекшеленді. Аталмыш форум барысында екі фильмнің тұсаукесері өтті, соның бірі өзбек режиссері Баходыр Юлдашевтың «Ұлықбек» деректі фильмінің орта азиялық тұсаукесері. Бұл Қазақстандағы ресми көрсетілімдері өзбек режиссерлерінің 2017 жылы Венеция фестивалінде «Ең үздік деректі фильм» номинациясы бойынша жеңімпазы. Оны алматылық көрермендерге Ислам Кәрімов атындағы қоғамдық қорының өкілдері Умид Азизов пен Бекзод Саъдуллаев таныстырды. Сондай-ақ, әрбір мемлекеттен көптеген үздік фильмдер көрсетілді, соның ішінде ерекше жүрегімнен орын алған қырғызстан режиссері Азамат Шершеновтың «Жизнь прекрасна» атты деректі фильмі. Фильм күнделікті барлық қарапайым адамдарға қарағанда әлдеқайда қиын болатын отбасының өмірі туралы әңгімелейді. Бұл отбасының мүшелері соқыр және көру қабілеті нашар адамдар. Өмірдің қиындықтарына қарамастан, олар үнемі бір-бірін қолдайды және өздерінің тұрақтылығын жоғалтпайды. Осыдан соң, бүгінде біз өзіміздің айналамыздағы қиындықтармен өмір сүруге үйренуіміз керек және өмірдегі кішкене тосқауылдарды кесіп өтуге жігерімізді ақылға бағыттауымыз керек екенін түйдім. Ұлы Даланың түркітектес халықтарының тарихын арқау етіп, алғашқы көрсетілімі көпшілікке таныстырылған туындының бірі қазақстандық кинорежиссер Бақыт Қайырбековтің фильмімен форум қорытындысы жалғасын тапты. Қазақ киносы-қазақ тарихы. Өшпес із қалдырар мәдени мұра. Ертенгі күнге бүгіннен естелік.
