Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Егер сені сүймесем, қайтер едім...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – JE T'AIME - Richard Clayderman

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Жүректесің әлі де, жүректесің,

Зырылдаған күндерім, мейлі өтсін.

Тік тұруды, бір өзің, үйреткенсің,

Сондықтан, бұл сезімім өшпесін.

Егер сені сүймесем, қайтер едім,

Осылай, ана болып жүрмес едім?

Бір кетпейсің түсімнен, сырласамыз,

Қимай-қимай таң ата, қоштасамыз.

Кейде сезім көтерем, мен еңсеңді,

Кейде ренжіп ұрсамын, сөгіп мүлде.

Әй сезім-ай, сезім-ай, жетімегім,

Әлі сен деп соғады-ау, мынау жүрегім.

Таласпайды білемін, бүгін ешкім,

Ұлдарымды, асықтай қылып өсірдім.

Немеремнің көзінен, сені көріп,

Сен кетсеңде, кетпедің, деп түсіндім.

Жазған шығар, тағдыр бізге осылай,

Аман болшы, тік қарашы, төрем-ай.

Сағынышты, мүңдарымды санамай,

Қилы жолдан, мен ақ отейн, құламай.

1
0
592

Осы тақырып бойынша