Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«SANALY URPAQ» жобалық офисі ашылды

2018 жылдың 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аппарат басшысы С.Қ.Ахметжановтың қатысуымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «SANALY URPAQ» жобалық офисі салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры А.Наметов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жобаның мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

1
0
472

Осы тақырып бойынша

«SANALY URPAQ» жобалық офисі ашылды - Yvision.kz