Мазмұнға өту

Жаңа

Департаменттің қызметкерлері көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған кабинетке барды

2018 жылы қыркүйекте Қостанай қ. №22 мектепте көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған кабинет ашылды.

Консультативтік мақсатта (мүгедектің жеке бағдарламасын түзету) ағымдағы жылғы 21 қаңтарда №4 МӘС бөлімінің басшысы Б.М. Досмұхамбетова кабинетті аралады. Қазіргі уақытта сыныпта 5 бала оқиды. Кабинет арнайы құралдармен, үстел ойындармен, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар үшін бұрыштармен, демалу аймағымен жабдықталған. Сабақты тифлопедагог, тьюторлар, психолог, логопед жүргізеді. Қосымша факультативті сабақтар мен арнайы пәндер жүргізіледі: әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, кеңістікте бағдарлау, белсенді-қимыл сипатындағы жеке және топтық сабақтар, мимиканы дамыту және пантомимика, түзету ырғағы, тіл дамуының кемшіліктерін түзету, қалдық көруді қорғау және дамыту.

0
0
550

Құқықтық білім беру мектебі

2019 жылы 29 қаңтарда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-де департаменттің қызметкерлеріне «Халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық стандарттары» тақырыптары бойынша құқықтық жалпы оқыту өтті. Семинар барысында туындаған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

0
0
554

Ақтауда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет», «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында, «Ақтау» ойын-сауық кешенінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Ақтау қаласындағы орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері, атап айтқанда облыстық мемлекеттік кірістер, әділет, полиция, қоғамдық денсаулық сақтау, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, өнеркәсіптік қауіпсіздігі комитетінің өңірлік департаменттерінің мамандары тұрғындармен тілдесті. Сонымен қатар ХҚКО, көліктік бақылау инспекциясы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Ақтау қалалық № 1 және 2 емханалары, облыстық психоневрологиялық, наркологиялық,…

0
0
784

Бір күнде екі жәрмеңке

Таңертең «Ақтау» ойын-сауық кешенінен бастау алған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі түстен кейін «Мағаш» базарында жалғасын тапты. Азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша салалық кеңестер берілді.Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіліп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі және олардың қолжетімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова халықпен тілдесіп, тұрғындарды мазалаған сұрақтары бойынша жеке сұрақтармен қабылдау кестесіне сәйкес қабылдауға дайын екендігін жет…

0
0
515

«Е-қызмет» ЫАЖ бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

2019 жылдың 29 қаңтарда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бас маманы Д. МолдагалиевҚаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы бөлімшелерінің жауапты қызметкерлеріне «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетті.Сонымен қатар, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігіне тоқталып, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкім…

0
0
400

Велосипедтен көлік жасап алған азамат әлемді тәнті етті

Технология жетістіктерінің және өнертапқыш адамдардың арқасында көліктің, техниканың және велосипедтің керемет үлгілері жасалып жатыр. Тіпті, жылдамдығы автокөліктен кем түспейтін, кәдімгі заманауи құрылғылармен жабдықталған «шайтанарбалар» да бар. Бірақ, мына азаматтың өз қолымен жасап шығарған өнертабысы көптің назарын өзіне аударып үлгерген. Автокөлікке айналған велосипед Швециялық Микаэль Кьельман атты азамат өз велосипедінен автокөлік құрастырып шығарған және оны «PodRide» деп атаған. Басқыштар арқылы қозғалатын бір орынды жабық көлік құралында жүрісті жеңілдететін қосымша электр қозғалтқыш та бар. Велоавтокөліктің ішіндегі ауа қалпы мен жылуды сақтау үшін қаңқасын матадан жасаған. Тіпті, керек-жарақ немесе азық-түлік қапшықтарын салатын шағын жүк салғыш та бар. Микаэль Кьельманның а…

0
0
889

ХХ ғасырдың "хит" болған гаджеттері

Бүгінгі таңда тұтынушыларды таңқалдыру өте қиын. Себебі, пайдалану арқылы өмір сүруді жеңілдететін нанотехнологиялар, робототехника және т.б. өнертабыстар екі күннің бірінде шығып жатыр. Мысалы: көлемі 8 МБ флешкасы бар «кірпіш» телефонды жаңалық деп айта алмыз ба? Әрине жоқ, бірақ бұл құрылғы өз заманында әлемді өзгерткен құрылғы болған. Сонымен, өткен ғасырда әлемді дүр сілкіндірген гаджеттермен танысайық. 1. Regency TR-1 – алғашқы қалта радиоқабылдағыш Шыққан жылы: 1954 жыл. Бұл қалта радиосы Texas Instruments және IDEA компанияларының жасаған жобаларынан пайда болған. Өз заманында бұл радиоқабылдағыштың құны 50 доллар болды, бірақ аз сатылған. Бірнеше жылдан кейін Sony бұдан жақсысын шығарғанымен, Regency TR-1 сол кездегі рок-н-ролл-дың патшасы болып қала берді. 2. Zenith Space Comman…

0
0
561

Кадр мамандары бас қосқан жиын

Агенттіктің аумақтық департаментінде Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мекемелердің кадр мамандарының басын қосқан жиын өтіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды. Жиында сөз алған Департамент басшысы Нұргүл Жанназарова, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметте үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілгендігін еске салды. Соның арқасында мемлекеттік қызметке қабылдау процессі жақсара түскендігін әлеуметтік зерттеудің нәтижелері көрсетіп отыр. Респонденттердің 60%-ы мемлекеттік қызметке жаңадан түсушілердің білім деңгейі артты деп атап өткен. Іріктеу барысын жетілдіру мақсатында 1 қаңтардан бастап конк…

0
0
648

Достық жеңген дода

Мемлекеттік қызметшілердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жолдастық кездесу өтті.Агенттіктің аумақтық департаменті, Маңғыстау облыстық қоғамдық сақтау департаменті және Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалынан құралған үш команда өз бейімділіктері мен ерік күштерін көрсете білді. Командалар құрамында өнер көрсеткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Файзулла Бисмильдин және Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айтмағанбет Жолшоринов, ойынның өте тартысты да қызықты өткендігін айтты. Күнделікті спорттық дайындығы болмаса да, командалар намысты қолдан бермеуге тырысты. Ал ойыншыларды қолдауға көбіне әріптестері жиналды. Жанкүйерлердің волейболшыларға дем беруі, ойынның көркін қыздыра түсті.«Осындай жолдас…

0
0
548