Балаңызға қандай ата-ана болып жүрсіз?
«Мен қандай әкемін (анамын)?» Бұл сұрақ сізді толғандыра ма? Жауабын білгіңіз келсе, алдымен өз әрекеттеріңізді, балаңызбен арада қалыптасқан қарым-қатынасты саралап көріңіз. Қосымша астрологтардың сипаттамасын да ескеруге болады. Тоқты Тоқты әке балаларын шексіз жақсы көреді әрі оларды мақтан тұтады. Кез келген баланың тілін оңай табады, жақсы түсініседі, досы әрі кеңесшісі бола алады. Ал, Тоқты аналар көбінде қатаң принциптерді ұстанады. Ұл-қыздарының айтқанын екі етпеуін қалайды. Оларға өзгелерді емес, өзін бақылауға алып, аздап сабырлылықты үйренген дұрыс болар еді. Оған қоса, барлық жағынан бірінші болуды қалайтын Тоқты әйелдер өзгемен сайысса да, өз баласымен бәсекелес болмағаны жөн. Көбірек еркіндік беріп, өз жолын өзіне таңдату да олардың ақсап жатқан осал тұсы. Торпақ Торпақ-әкел…