«Е-қызмет» ЫАЖ бойынша әдістемелік көмек көрсетілді
2019 жылдың 29 қаңтарда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бас маманы Д. МолдагалиевҚаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы бөлімшелерінің жауапты қызметкерлеріне «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Сонымен қатар, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігіне тоқталып, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламаларыжәнеқағидалары туралы түсініктеме берді.
