Бір күнде екі жәрмеңке
Таңертең «Ақтау» ойын-сауық кешенінен бастау алған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі түстен кейін «Мағаш» базарында жалғасын тапты. Азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша салалық кеңестер берілді.

Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіліп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі және олардың қолжетімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова халықпен тілдесіп, тұрғындарды мазалаған сұрақтары бойынша жеке сұрақтармен қабылдау кестесіне сәйкес қабылдауға дайын екендігін жеткізді. Биыл бірінші рет өтіп жатқан жәрмеңкеге тұрғындар белсенді қатысқандығын айта кету керек. Халықтың қолжетімді қызметтер алу үшін тұтынушыларға ыңғайлы орындарда, әсіресе халық көп шоғырланатын жерлерде тұрақты түрде жиі ұйымдастырылады деп сендірді.

Сондай-ақ, ешқандай парасыз, тиісті қызметтерді тиімді пайдалану жолдары айтылды. Жәрмеңке барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сұранысқа ие салалары бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілетінін жеткізді. Тұрғындардың цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруды көздеген шара аясында, келушілер толыққанды мағлұматтар алып, көтеріңкі көңіл күйде екендіктерін жасырмады. Іс-шара соңында қала тұрғындарына жадынамалар таратылып, қойылған сауалдарына жауаптар берілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастамашы болып отырған мұндай мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, алдағы уақытта барлық ауданда өткізу жоспарда бар.

Жәрмеңкеге келушілердің басым көпшілігі әлеуметтік көмек алудың тәртібі мен шарты, тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу, ота жасату үшін квота алу, баланы балабақшаға кезекте тұрғызу сияқты электронды қызметтердің өзге де түрлері бойынша сұрақтар қойылды.
