Департаменттің қызметкерлері көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған кабинетке барды
2018 жылы қыркүйекте Қостанай қ. №22 мектепте көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған кабинет ашылды.
Консультативтік мақсатта (мүгедектің жеке бағдарламасын түзету) ағымдағы жылғы 21 қаңтарда №4 МӘС бөлімінің басшысы Б.М. Досмұхамбетова кабинетті аралады. Қазіргі уақытта сыныпта 5 бала оқиды. Кабинет арнайы құралдармен, үстел ойындармен, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар үшін бұрыштармен, демалу аймағымен жабдықталған. Сабақты тифлопедагог, тьюторлар, психолог, логопед жүргізеді. Қосымша факультативті сабақтар мен арнайы пәндер жүргізіледі: әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, кеңістікте бағдарлау, белсенді-қимыл сипатындағы жеке және топтық сабақтар, мимиканы дамыту және пантомимика, түзету ырғағы, тіл дамуының кемшіліктерін түзету, қалдық көруді қорғау және дамыту.

