Полиция органдары қызметінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау - басты назарда
2019 жылдың 23 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов пен «Ақжайық-адалдық алаңы» кеңселік жобасының басшысы Ә.Сәлиева БҚО Полиция департаментінің ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша алқа мәжілісіне қатысты.Сондай-ақ, мәжіліске БҚО Полиция департаменті басшылық және жеке құрамы, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.Болат Исақов өзінің алғы сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы Ұлттық баяндамасының маңыздылығына тоқталды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы Ұлттық баяндама Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекет басшысына енгізетін негізгі құжаттардың бірі. Ол халықаралық ж…