Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қоғам.Ізгілік.Болашақ»

Білім басқармасы ағымдағы жылғы 19 сәуірде білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңес жұмыстарын жандандыру, іс-тәжірибе алмасу мақсатында Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағыжаратылыстану-математика бағытындағы №38 мектеп-лицейі базасында «Қоғам.Ізгілік.Болашақ» тақырыбында облыстық қамқоршылық кеңестерінің семинар-практикумын өткізді.

Облыстық шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл АгенттігініңБҚО бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, БҚО білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Н.Ғ.Гумарова, білім басқармасы басшысының орынбасары Айқалиева С.С., аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңес төрағалары, білім саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тартудың негізгі тәсілдері, қамқоршылық кеңестің жұмысы, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қамқоршылық кеңестің ролі,мектептегі қамқоршылық кеңесті тіркеу туралы мәселелер қозғалды.

1
0
315

Осы тақырып бойынша