Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Полиция органдары қызметінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау - басты назарда

2019 жылдың 23 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов пен «Ақжайық-адалдық алаңы» кеңселік жобасының басшысы Ә.Сәлиева БҚО Полиция департаментінің ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша алқа мәжілісіне қатысты.

Сондай-ақ, мәжіліске БҚО Полиция департаменті басшылық және жеке құрамы, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Болат Исақов өзінің алғы сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы Ұлттық баяндамасының маңыздылығына тоқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы Ұлттық баяндама Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекет басшысына енгізетін негізгі құжаттардың бірі. Ол халықаралық және ұлттық деңгейлерде сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі мен таралу үрдістерін талдау мен бағалауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

Агенттік өзінің ерекшелігіне қарамастан, елдегі алғашқы мемлекеттік органдардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жобалық тәсілді енгізуді бастады. Бүгінгі күні "бизнес пен Инвестицияларды қорғау", ел көлемінде "сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар"республикалық жобасы сияқты жобалар тиімді іске асырылуда.

Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда сандық технологияларды тиімді пайдалану көрсетілген. Бұл басқару шешімдерінің ашықтығын және азаматтардың ақпаратқа қол жеткізуін арттырады. Мұндай жұмыстың жарқын мысалы "Цифрлік агент" мобильдік қосымшасы мен қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын енгізу болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жөніндегі жұмыс 2018 жылы олардың үлесін 69% - ға (2017 жылы-50%) дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен клиентке бағдарлануын қамтамасыз ету үшін агенттіктің бастамасымен ыңғайлы фронт-офистері бар сервистік әкімдіктер ашылады. Мемлекеттік органдарда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында open space технологиясы енгізілуде.

Өз кезегінде, Әлия Сәлиева «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының басым бағыттары мен жоба шеңберінде 2019 жылы полиция саласында атқарылатын жұмыстарды айқындады.

0
0
451

Осы тақырып бойынша