Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Ж. Кайрлиева 2019 жылғы 24 сәуірде «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі Қостанай қаласы әкімдігінің № 51 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК еңбек ұжымында бөбекжай директоры МӘСҚ өкілдерімен, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК АҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Келесі сұрақтар қарастырылды:

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырудағы өзгерістер, мемлекеттік қызметтерді ұсыну.

 Міндетті әлеуметтік сақтандыру. МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің алты түрі бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау шеңберінде бірыңғай жиынтық төлем енгізу туралы өзгерістер енгізу туралы.

Қызметкерлердің сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді.

0
0
194

Осы тақырып бойынша