Біз халыққа жақын болу үшін «Коммуникациялық менеджмент» атты оқудан өттік!
2019 жылы 23 сәуірде Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков және әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы ұйымдастырған, «Коммуникациялық менеджмент» атты оқудан өткендігі туралы сертификат алды. Семинардың мақсаты мемлекеттік саясатты трансляциялау және қоғамдағы дағдарыстарды басқару үшін тиімді коммуникациялардың кәсіби дағдыларын дамыту болды.
Семинар барысында зерттелген негізгі дағдылар:
адамдарды түсініп, олармен сөйлесе білу;
әлеуметтік желілердің ерекшеліктерін, олардың аудиторияларын, технологияларын, ережелерін білу;
адамдарға ұнайтын қызықты контент жасау;
әлеуметтік желілермен ұсынылатын жарнамалық құралдарды қолдана білу. Атап айтқанда, таргеттелген жарнама жүйесі;
әлеуметтік желілердегі автоматтандыру құралдарын білу;
әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды талдауға, жарнамалық компаниялардың тиімділігін қадағалауға, қамту мен басқа да көрсеткіштерді өлшеуге мүмкіндік беретін талдау құралдарын білу.
