Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы О.М. Бабич 2019 жылғы 24 сәуірде «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының Рудный қалалық «ХҚКО» бөлімі басшысының қатысуымен Рудный қаласы «ХҚКО» бөлімінде «Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдау» тақырыбына семинар-кеңес өткізді.
Құжаттарды қабылдау тәртібі, құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептері және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне қатысты мәселелер талқыланды.
Барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді.
