Ғайып Ерен, Қырық Шілтен!
Ғайып Ерен, Қырық Шілтен! Былтырғы сапарымыздың бірінде Қазығұрттың басына тоқтаған Нұх пайғамбардың кемесінің орнына барып едік, жол бойында ғой, бірақ осы жолғы саяхатымызда жолды қысқартуға әрі уақытты үнемдеуге тура келді. Оны айтып отырған себебім, «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса, неге қалған?..», деп басталатын жыр жолдарын білмейтін қазақ кемде кем шығар? Иә, Қазығұртқа барған жоқпыз.Есесіне, Қазығұрттың басына тоқтаған Нұх пайғамбардың кемесімен байланысты келесі нысанымыз – Ғайып Ерен, Қырық Шілтенге де жеттік. Сәл шегініс жасайын. Кейде осы біз сенсация іздеп, «Бәлен жерде бақыр бар, барсаң, бақыр түгіл тақыр жоқ» деген сөзді ұмытып қалатын сияқтымыз. Мәселен, бауырлас Түркияда ондай аңыз-әфсаналарды ойдан ойлап табып, туристерді «құлақтан тебетінін-ай кеп». Р…





