БҚО-дағы ЖОО түлектеріне мемлекеттік қызметке кіру тәртібі түсіндірілді
2019 жылдың 21 мамырда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің түлектеріне мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Масимоваменуниверситет түлектеріне мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін, «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметке және құқыққорғау қызметіне кіру тәртібі, соның ішінде заңнаманы білуге арналған тестілеу бағдарламалары, жеке қасиеттерді бағалау тестілеуі туралы және конкурстың әңгімелесу сатысы түсіндірілді.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиатыА. Шоныраева жиынға шақырылды, ол мемлекеттік қызметке қатысты пікірімен және мемлекеттік қызметтегі жаңартулармен бөлісіп, түлектердің жұмыс тәжірибесі болмасада мемлекеттік қызметке кірулеріне үлкен мүмкіншіліктер барын атап өтті .
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар қайтарылды.
