Еңбек министрлігінде Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші отырысына дайындық мәселелері талқыланды
Еңбек министрлігінде Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші отырысына дайындық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесімен (ШИК) еңбек заңнамасы, адам капиталын дамыту және шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған бірлескен жұмыс тобының отырысын өткізді.
Отырысты ашқан Б. Сапарбаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын құруға, жоғары білікті мамандарды тартуға бағытталған жағдайларды кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмысты атап өтті.
Жұмыс тобының тең төрағасы Дмитрий Пропп, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» Ассоциациясының директоры Жанна Байдашева және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы м.а. Ерлан Райғаниев және басқалар баяндама жасады.
Кездесу барысында бірлескен жұмыс тобының 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары және 2018 жылғы жұмыс жоспарының орындалу барысы қаралды. Қатысушылар сондай-ақ «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және жетілдіру үшін инвесторлармен әріптестік жол картасын» іске асыру барысы туралы және «Адам капиталын дамыту» бойынша Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысына дайындық мәселелерін талқылады.
Еңбек министрлігінің басшысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіптік стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысына дайындық мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Подготовку к 32-му заседанию Совета иностранных инвесторов обсудили в Минтруда
Министр труда и социальной защиты населения Казахстана Бердибек Сапарбаев провел заседание совместной рабочей группы по вопросам трудового законодательства, развития человеческого капитала и привлечения иностранной рабочей силы Совета иностранных инвесторов при Президенте Республики Казахстан (СИИ).
Открывая заседание Б.Сапарбаев отметил большую работу, которая ведется по расширению условий, направленных на создание инвестиционной привлекательности страны, привлечению высококвалифицированных специалистов.
С докладами выступили сопредседатель рабочей группы Дмитрий Пропп, вице-министр образования и науки Эльмира Суханбердиева, директор Ассоциации «Казахстанский Совет иностранных инвесторов» Жанна Байдашева, и.о. председателя комитета труда, социальной защиты и миграции Ерлан Райганиев и другие.
В ходе заседания было рассмотрено исполнение Плана работы совместной рабочей группы за 2018 год и мероприятия на 2019 год. Участники также обсудили ход реализации Дорожной карты партнерства с инвесторами по развитию и совершенствованию технического и профессионального образования (ТиПО) и подготовку к 32-му пленарному заседанию Совета иностранных инвесторов, посвященному «Развитию человеческого капитала».
Глава Минтруда поручил ускорить работу по модернизации систем ТиПО, разработку профессиональных стандартов, а также на особом контроле держать вопрос подготовки к 32-му пленарному заседанию Совета иностранных инвесторов.
