Білім беру және ветеринария саласы "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің бақылауында
2019 жылдың 22 мамырында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде БҚО әкімінің бірінші орынбасары Г.Искалиевтың төрағылығымен, жоба кураторының, со-кураторының жобалық кеңсе қызметкерлерінің, БАҚ және бизнес өкілдерінің қатысуымен етті шығаруға қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мәселесі, ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері, білім беру мекемелеріндегі тамақтандыруды ұйымдастыру және мектеп оқушыларына формалармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын ұйымдастырылды.
Жиында ауыл шаруашылығы саласының өкілдері ветеринарлық сертификатты және ветеринарлық анықтамаларды Жобалық кеңсенің ақпан айында берген ұсыныстарын сәйкес толықтай электронды түрге көшкендігі және осы салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша атқарылып жатырған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар білім саласының өкілдері жоба аясында наурыз айында білім беру мекемелеріндегі тамақтандыруды ұйымдастыруды оңтайландыру бойынша берген ұсыныстардың орындалуы туралы баяндама жасады. Атап айтқанда бұрын білім беру мекемелеріндегі тамақтандыруды ұйымдастыруды мектеп директорлары ұйымдастырса бүгінгі күні бұл процедураларды ұйымдастыру білім басқармасының және бөлімдеріне жүктеу жоспарлануда. Ол өз кезегінде мектеп директорлары тарапынан болуы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға септігін тигізеді.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, атқарылып жатырған жұмыстардың Жобалық кеңсенің үнемі бақылауында болатындығын атап өтті.
