Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ветеринарлық-санитарлық бақылау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

2019 жылы 22 мамырда «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс мәжілісінде БҚО әкімінің бірінші орынбасары Г.Искалиевтің төрағалығымен Орал қаласының ветеринария бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ҚР ҚПК 200 б. шеңберінде енгізілген ұсыныс қарастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары А.Жүнісов 16.05.2019 ж. «Орал қ. ветеринария бөлімі» басшысының орынбасары Изтлеуов өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен 332 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге сот үкімімен сотталды, ол Орал қаласының базарларында ет өнімдерін кедергісіз әкелгені және ауыл шаруашылығы жануарының сойылғанын растайтын ветеринариялық анықтамасыз сатқаны үшін бірнеше рет пара алды деп айыпталғанын қатысушыларға жеткізді.

Сондай-ақ, Орал қаласының ветеринария бөлімі қызметкерлерінің пара алу фактілерін Департамент жыл сайын анықтайтыны атап өтілді. 2017 жылы бөлім басшысы Лұқпанов пен бас маман Беккалиев, 2018 жылы бас маман Туркеев сотталды. Сонымен қатар, ветеринариялық қызмет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және қала базаларында кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша жинау фактілері орын алуда.

Бұл өзекті мәселені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері көтерді, себебі шенеуніктің кәсіпкерлермен тікелей байланысы және рұқсат беру бойынша кең өкілеттіктің болуы сыбайлас жемқорлық үшін қолайлы жағдай туғызады, сондай-ақ облыстағы эпизоотиялық жағдайға теріс әсер етеді, өйткені сөрелерге ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін өнімдер түсуі мүмкін.

Облыс әкімінің орынбасары Г.Искалиев Ветеринариялық бақылау саласындағы уәкілетті ұйымдарға ветеринариялық-санитарлық бақылау жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың алғышарттарын жою бойынша шаралар қабылдауға бір ай мерзім берді.

1
0
431

Осы тақырып бойынша

Ветеринарлық-санитарлық бақылау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою - Yvision.kz