Бүгін полиция күні екен.Жемқор, тұрпайы, сәулесіз полиция біздің елде ғана бардай ғып жазылған постарды оқып тұрамын. Меніңше әділ пікір орта тұста. Дүние жүзінің қай елінде де полиция қаталдықтың, тәртіптің, суықтықтың символы екені өтірік емес. АҚШ та бағынбаған тұрғынды полиция атып тастайды. Қасиетті Меккенің өзінде жұртқа кедергі жасаған пендені намаз оқып тұрса да желкелеп отырып, сыртқа итерген құқық қызметкерлерін талай көрдік. Қазір әлем солай. Адамына қарай қоғам, қоғамына қарай полиция. Адамдардың қарым-қатынасы суыған. Бір-бірін кешірмейтін, реті келсе отқа итеріп жібергісі келетін пенде көп. Талай елді аралап, талай қаланың мәдениетімен таныстық. Кебір орталарда адамның қадірі иттен төмен. Итін иіскеп, күшігін жалап жүрген жанды сәт сайын кезіктіресің. Ал, құлап жатқан адамға…