«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының«Айтарым бар» бағдарламасында
21 маусым күні ТДК-42 телеарнасында «Айтарым бар» ток-шоуы тікелей эфирде өтті. Тікелей эфир барысында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының іске асырылуы талқыланды.
Тікелей эфирдің қонақтары ретінде облыс әкімінің орынбасары, жоба кураторы Ғ.Оспанкулов, жоба жетекшісі Ә.Салиева, МҚІжСЖҚІҚА БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш, жоба басшысының орынбасары О.Насимуллин қатысты.
Бағдарламада жобаның іске асырылуы, сонымен қатар ветеринария, мектептердегі тамақтандыру, жүргізуші куәлігін алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрге ауыстыру мәселелері талқыланды.
«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының WhatsAppнөмірі 87474929179, Facebook акаунты AqjaiyqadaldyqAlany, Instagramакаунтыaqjaiyq_adaldyq_alany. Тұрмыстық жемқорлықты жою бойынша өз ұсыныстарыңызды көрсетілген белгілі мессенджерлерге жолдауларыңызды сұраймыз.
#adaldyqalany #BQO #ZKO #адалдық_алаңы
https://www.youtube.com/watch?v=BlpyYB9CW2I
