Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сапарбаев: 23 мың қазақстандықтың еңбек құқығы қорғалды

Сапарбаев: 23 мың қазақстандықтың еңбек құқығы қорғалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстанда жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты.

«Еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізіледі. Бұл үшін Еңбек қатерлері қартасы қолданылады, онда еңбек заңнамасын көп бұзған кәсіпорындар есепке алынады. Оның көмегімен 2019 жылы еңбек инспекциясы тексерген 3,9 мың кәсіпорында 5 мыңнан астам бұзушылық жойылды. Нәтижесінде 23 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды, оларға 3 млрд. теңге жалақы берешегі төленді», - деп хабарлады министр халықпен есепті кездесу барысында.

2019 жылы еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар іске асырылуда.

«1,7 мыңнан астам кәсіпорын халықаралық стандарттарды енгізді, 6 мыңнан астам өндірістік нысан аттестатталды. Кәсіпорындарда ішкі бақылауды 15 мыңға жуық өндірістік кеңес жүзеге асырады. Нәтижесінде өндірістік жарақаттанудың төмендеуі байқалады. 2019 жылдың 5 айында жазатайым оқиғалар саны 10,2% - ға төмендеді, зардап шеккендер саны азайды», - деді ол.

Лайықты еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмыс күшейтілді. 2019 жылы министрлік әлеуметтік әріптестермен және әкімдіктермен бірлесіп «Қауіпсіз еңбек» ұранымен кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту жөніндегі жаңа Жол картасын іске асыру басталады.

Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестік жүйесі белсенді дамып келеді.

«Қызметкерлердің еңбек құқықтарының қысқаруына және бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктер мен өңірлердегі кәсіпорындар арасында 122,4 мың Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Ірі және орта кәсіпорындардың 96,4%-ы және шағын кәсіпорындардың 39,9%-ы ұжымдық шарттармен қамтылған. Осылайша, осы кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша әлеуметтік пакет көзделген», - деп атап өтті Сапарбаев.

Сонымен қатар, көптеген ірі кәсіпорындармен, бизнес қауымдастығы өкілдерімен қосымша демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Ағымдағы жылы өңірлерде халықтың әлеуметтік осал санатын, оның ішінде көпбалалы аналарды қолдау бойынша 38,3 млрд. теңгеден артық сомаға 458 меморандум жасалды. Балалары бар аз қамтылған отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін отбасы үлгісіндегі жатақханаларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді салу мәселесі шешілуде. Ағымдағы жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға демеушілердің есебінен 385 пәтер берілді», - деп қорытындылады министр.

Сапарбаев: защищены трудовые права 23 тысяч казахстанцев

О том какие меры принимаются в Казахстане по обеспечению трудовых прав работников рассказал министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев.

«Ведется мониторинг и контроль соблюдения трудового законодательства. Для этого используется Карта трудовых рисков, в которой фиксируются предприятия с частыми нарушениями. С ее помощью в 2019 году в 3,9 тыс. предприятиях, проверенных инспекцией труда, было устранено свыше 5 тысяч нарушений. В результате были защищены права более 23 тыс. работников, которым выплачено 3 млрд. тенге задолженности по заработной плате», - сообщил министр в ходе отчетной встречи с населением.

В 2019 году реализуется План мероприятий по предупреждению трудовых конфликтов и меры по обеспечению безопасности и охраны труда.

«Более 1,7 тыс. предприятий внедрили международные стандарты, аттестованы более 6 тыс. производственных объектов. Внутренний контроль на предприятиях осуществляют порядка 15 тыс. производственных советов. В результате наблюдается снижение производственного травматизма. За 5 месяцев 2019 года число несчастных случаев снижено на 10,2%, сократилось число пострадавших, в том числе со смертельным исходом», - отметил он.

Усилена работа по созданию условий достойного труда. В 2019 году Министерство совместно с социальными партнерами и акиматами проводит масштабную разъяснительную работу под эгидой «Безопасный труд». Начинается реализация новой Дорожной карты по снижению производственного травматизма и рабочих мест с вредными и опасными условиями труда.

Также активно развивается система социального партнерства.

«Для недопущения сокращения и нарушений прав работников между акиматами и предприятиями регионов заключены 122,4 тыс. меморандумов о взаимном сотрудничестве. Коллективными договорами охвачено более 96,4% крупных и средних, 39,9% малых предприятий. Таким образом, для работников этих предприятий предусмотрен дополнительный социальный пакет», - подчеркнул Сапарбаев.

Помимо этого, со многими крупными предприятиями, представителями бизнес сообщества, достигнуты договоренности по оказанию ими дополнительной спонсорской и благотворительной помощи.

«В текущем году в регионах с предприятиями заключено 458 меморандумов по поддержке социально-уязвимых слоев населения, в т.ч. многодетных семей на общую сумму более 38,3 млрд. тенге. Для обеспечения жильем малообеспеченных семей с детьми, детей-сирот решается вопрос строительства общежитий семейного типа, арендного жилья. Всего с начала т.г. многодетным семьям за счет спонсоров выдано 385 квартир», - заключил министр.

0
0
342

Осы тақырып бойынша

Сапарбаев: 23 мың қазақстандықтың еңбек құқығы қорғалды - Yvision.kz