СҚО-да құрамында психотропты заттар бар дәрі-дәрмекті сатқаны үшін фармацевт айыппұл төлеуі мүмкін
Операцияның негізгі бағыты – құрамында есірткі заты бар дәрі-дәрмектер мен есірткі заттары прекурсорларының заңды айналымы қағидаларын сақтауды бақылау. Тәртіп сақшылары дәріханалар, медициналық мекемелер, өндірісте қышқылдарды пайдаланатын кәсіпорындарды назарға алды. Іс-шараны өткізу кезеңінде 9 килограмнан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 20 таблетка психотропты заттар мен құрамында есірткі заты бар дәрілік препараттардың 100 ампуласы алынды. Анықталған құқық бұзушылықтың бірі психотропты зат бар дәрілерлерді рецептісіз босатумен байланысты болды. Осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды. Тағы бір құқық бұзушылық – құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттардың ампулаларын уақтылы жоймау.…