Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еңбек министрлігінде табыстарды арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс

Еңбек министрлігінде табыстарды арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Бейсенбі, 20 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халық табысын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Кеңеске Жоғарғы Соттың, Ұлттық банктің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктердің, көпбалалы отбасылар мен бастамашыл топтардың өкілдері қатысты.

Жұмыс тобының қатысушылары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін интеграциялау және өзектендіру, ауылдық жерлерді Интернет желісімен және байланыс арналарымен қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктердің тұрғындарды несиелендіруі, сот органдарында азаматтардың заңды мүдделерін сақтау және т.б. бірқатар проблемалық мәселелерді талқылады. Жұмыс тобы әзірлеген барлық ұсыныстар Қазақстандағы көп балалы аналардың ұсыныстарын жүзеге асырылуы жөніндегі Жол картасының жобасында көрініс табады.

В Министерстве труда прошло очередное заседание рабочей группы по повышению доходов и улучшению качества жизни населения

В четверг, 20 июня министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев провел очередное заседание рабочей группы по повышению доходов и улучшению качества жизни населения.

В работе совещания приняли участие представители Верховного суда, Национального банка, Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности, а также представители общественных объединений, многодетных семей и инициативные группы.

Участники рабочей группы обсудили ряд проблемных вопросов, в том числе интеграции и актуализации информационных систем госорганов, обеспечения сельской местности интернетом и каналами связи, кредитования населения банками второго уровня, соблюдения законных интересов граждан в судебных органах и другие.

Все предложения, выработанные рабочей группой, будут отражены в проекте Дорожной карты по реализации предложений многодетных матерей РК.

0
0
262

Осы тақырып бойынша