Мүгедектігі бар балаларды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейту
2019 жылғы 1 шілдеден бастап «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға (қамқоршыларға, қорғаншыларға) жәрдемақы мөлшерін және бала жасынан бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын тұлғаларға берілетін жәрдемақыны 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейінен 1,4 ЕК-ге ұлғайтуға қатысты өзгерістер күшіне енеді.
Осылайша, аталған мемлекеттік жәрдемақылар 2019 жылғы 1 шілдеден бастап жәрдемақы мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады және 41 578 теңгені (1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі) құрайтын болады.
Нәтижесінде біздің облыстың 3 мың азаматы үшін жәрдемақы мөлшері 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін ұлғайтылатын болады.
Мемлекеттік корпорацияның жоғарылату үдерісі Департаментпен бірге жүргізілді және 1 шілдеден бастап барлық алушылар жәрдемақы ала бастайды.
По поручению Главы государства, данном на XVIII съезде партии «Nur Otan», с 1 июля 2019 года на 30% будут повышены размеры государственных пособий по уходу за детьми с инвалидностью и за лицами старше 18 лет первой группы инвалидности с детства.
В результате размеры пособий для 3 тыс. граждан нашей области будут увеличены с 31 183 тенге до 41 578 тенге.
