Бердібек Сапарбаев Арыс тұрғындарын еңбек етуге шақырды
Бейсенбі, 11 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Түркістан облысы Арыс қаласының ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездестіАрдагерлермен кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде Арыс тұрғындарын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.«Еңбек министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігі қала тұрғындарының жұмысқа орналасуына және жеке кәсібін ашуға көмек көрсетеді. Ешкім жұмыссыз қалмайды. Бұл мәселе ерекше бақылауға алынған», - деп атап көрсетті Сапарбаев.Сонымен қатар, ол қаланы қалпына келтіру, тұрғын үй, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу жұмыстарына Арыс тұрғындарын өздерін де белсенді қатысуға шақырды.«Бұл жұмыс үшін еңбекақы төленеді, бір айда орта есеппен…
