Сайын даланың күй сазы
9 шілдеде Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде ұлттық музыка өнерінің ошағы ретінде күллі әлемді мойындатқан Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанына 85 жыл толуына орай іс-шара өткізілді.
Бұл - Қазақстанның музыкалық аспаптар өнеріндегі тұңғыш әрі бірегей оркестрі. Ол барша әлемге қазақ музыка мәдениетімен, сайын даланың баға жетпес әуендерімен, қазақтың бірегей музыкалық аспаптарымен таныстырды.
Іс-шара барысында балалар оркестрдің құрылу тарихымен, оның репертуарымен танысты, сондай-ақ, олардың орындауында атақты күйлерді тыңдады. Ал шағын кітап көрмеден қазақтың музыкалық аспаптары туралы, қазақ халқының аспапты музыка тарихы туралы кітаптармен танысты. Іс-шара Ұлттық домбыра күніне орайластырылды.
https://photos.app.goo.gl/wXvsZ5Qd6sWqKNx68

