Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бердібек Сапарбаев Арыс тұрғындарын еңбек етуге шақырды

Бейсенбі, 11 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Түркістан облысы Арыс қаласының ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесті

Ардагерлермен кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде Арыс тұрғындарын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Еңбек министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігі қала тұрғындарының жұмысқа орналасуына және жеке кәсібін ашуға көмек көрсетеді. Ешкім жұмыссыз қалмайды. Бұл мәселе ерекше бақылауға алынған», - деп атап көрсетті Сапарбаев.

Сонымен қатар, ол қаланы қалпына келтіру, тұрғын үй, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу жұмыстарына Арыс тұрғындарын өздерін де белсенді қатысуға шақырды.

«Бұл жұмыс үшін еңбекақы төленеді, бір айда орта есеппен 150 мың теңге табуға болады. Диванда жатып алып жақсы нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес екендігін жерлестерге жеткізулеріңізді сұраймын. Мемлекет беріп отырған мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек», - деді Сапарбаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Арыс тұрғындарын арандатушылыққа ермеуге шақырды.

«Кейбір жерлестер жекелеген адамдардың жалған ақпараты мен арандатуына еріп кетті. Күллі Қазақстандықтар Арыс тұрғындарына қол ұшын созған сәтте, олардың кейбіреулері өздерінің талаптарын алдыға тартты. Арандатушылардың арбауына түспеуіміз керек!», - деді Сапарбаев.

Министр Елбасы мен Президенттің тапсырмасы бойынша Арыс қаласының тұрғын үй, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының жалғасып жатқанын атап өтті. Қалпына келтіру жұмыстарына Қазақстанның барлық өңірлері, ұлттық компаниялар мен бизнес-құрылымдары белсене атсалысуда.

Іссапар барысында Бердібек Сапарбаев Түркістан облысының бірқатар аудандарын аралады, сондай-ақ әлеуметтік мекемелер мен жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс барысымен танысып, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мен Шымкент қаласының Жұмыспен қамту орталығына барды.

В четверг, 11 июля, министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев и министр обороны РК Нурлан Ермекбаев встретились с членами совета ветеранов города Арыс Туркестанской области.

На встрече с ветеранами был обсужден ряд актуальных вопросов, в том числе обеспечения занятости арысцев.

«Минтруда и акимат Туркестанской области помогут жителям города в трудоустройстве и открытию собственного дела. Никто без работы не останется. Данный вопрос на особом контроле», - заверил Сапарбаев.

Вместе с тем, он призвал самих арысцев активнее участвовать в оплачиваемых работах по восстановлению города, ремонту жилых, социальных и инфраструктурных объектов.

«Эта работа оплачивается, в среднем за месяц можно зарабатывать 150 тысяч тенге. Я прошу вас донести до земляков, что лежа на диване хороших результатов не достичь. Нужно использовать все возможности, которые нам дает государство», - сказал Сапарбаев.

Кроме того, глава ведомства снова призвал жителей Арыса не вестись на провокации.

«Некоторые земляки, поддались на провокации и дезинформацию отдельных лиц. В тот момент, когда жители всего Казахстана помогали арысцам, некоторые из них начали выдвигать свои требования. Нельзя поддаваться провокациям!», - сказал Сапарбаев.

Министр подчеркнул, что по поручению Елбасы и Президента страны ведется восстановление жилых, социальных и инфраструктурных объектов Арыса. В работах принимают участие все регионы, нацкомпании и бизнес-структуры Казахстана.

В ходе рабочей поездки Бердибек Сапарбаев посетил ряд районов Туркестанской области, где ознакомился с работой социальных учреждений и центров занятости, а также посетил «Центр  активного долголетия» и центр занятости в г.Шымкент.

0
0
284

Осы тақырып бойынша

Бердібек Сапарбаев Арыс тұрғындарын еңбек етуге шақырды - Yvision.kz