Елордада Отанымыздың барлық өңірлерінен жиналған көпбалалы аналарды қолданбалы өнерге үйретуде
4-6 шілде аралығында «Көрме» кешенінде "Асыл ана" әлеуметтік жобасы аясында тұңғыш рет Елорда күніне арналған «Көрпе Fest» мега-фестивалі өтуде.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен қала әкімдігі ұйымдастырған шараға Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов қатысты.
Бұл шарада көпбалалы аналар үшін тігін және қолданбалы өнерді үйрету бойынша тегін оқыту сабақтары және тренинг-семинарлардан өткен қатысушылар өз жұмыстарын ұсынатын көрме ұйымдастырылды.
Көрме жеңімпаздары дипломдармен, тігін машиналарымен және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетерлігі, мастер-класстарды этникалық стильде ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын шығаратын, еліміздің белгілі этно-дизайнері, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының лауреаты, Ырза Тұрсынзада өткізуде.
«Табысы төмен көпбалалы аналар өз кәсібін ашып оны табыс көзіне айналдырған еліміздің іскер әйелдерінен үлгі алуы керек. Өйткені, бұл тек өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ өздері сияқты азаматшалар үшін жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», - деді Бердібек Сапарбаев құттықтау сөзінде.
Ведомство басшысы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін көпбалалы ауыл тұрғындарына 505 мың теңгеге дейін гранттар қарастырылғанын атап өтті.
«Мәселен, көпбалалы отбасы тігін машинасын және қажетті материалдарды сатып алуға берілген қаражатты пайдалананып, төсек-орын, ұлттық киім және басқа да бұйымдарды үй жағдайында тігуге мүмкіндік алады», - деп атап өтті министр.
Сондай-ақ көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар мен жастар үшін 5 мың жеңілдетілген микрокредит беруге квота қарастырылған. Осының нәтижесінде биыл 15 мың көпбалалы отбасы өз ісін ашып, табысын арттыруға мүмкіндік алады.
Мега-фестиваль аясында ұйымдастырылған мастер-класстар «Асыл ана» әлеуметтік жобасының бір бөлігі. Бұл жобаның негізгі мақсаты - көп балалы аналарды оқыту мен ұлттық брендті дамыту арқылы шағын және орта бизнеске тарту болып табылады. Іс-шаралар кешеніне оқыту семинарлары, тігін және қолданбалы өнер бойынша сабақтар және өз көрмелерін ұйымдастыру, әлеуметтік желілер арқылы бизнесті жүргізу үшін мастер-кластар кіреді.
Жалпы алғанда, "Асыл ана" жобасы заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін көрсететін көп балалы аналарды қолдау орталығын құруды көздейді.
Бұл әлеуметтік жоба өз ісін жүргізу үшін көп балалы және аз қамтылған аналардың әлеуетін ашуға, олардың мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық қолөнерді танытуға ықпал ететін болады.
В выставочном комплексе «Корме» в рамках социального проекта «Асыл ана» 4-6 июля впервые в стране проходит мега-фестиваль «Көрпе Fest», посвященный Дню столицы.
В мероприятии, организованном Министерством труда и соцзащиты населения и акиматом города, приняли участие Бердибек Сапарбаев и Алтай Кульгинов.
Фестиваль включает в себя бесплатные обучающие уроки для многодетных женщин по шитью и прикладному искусству, а также выставку, где участники, прошедшие тренинг-семинары, представят свои работы.
Победители выставки награждены дипломами, швейными машинками и другими ценными призами.
К слову, мастер-классы проводит известный в стране этно-дизайнер, выпускающий предметы народного искусства и ремесла в этническом стиле, лауреат премии Президента РК «Алтын Сапа», Ырза Турсынзада.
«Многодетные матери должны брать пример с успешных женщин страны, которые открыли свое дело и сделали его не только источником дохода, но и делом всей жизни. Ведь это позволяет не только улучшить качество жизни, но и создать рабочие места для других женщин» - сказал в своем приветственном слове Бердибек Сапарбаев.
Глава ведомства отметил, что в рамках государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Eңбек» теперь многодетным сельчанам предусмотрены безвозмездные гранты на новые бизнес-идеи в размере до 505 тыс. тенге.
«К примеру, многодетная семья может использовать полученные деньги на приобретение швейной машинки и необходимых материалов и организовать на дому пошив постельного белья, национальной одежды и других изделий» - отметил министр.
Также для многодетных семей, лиц с инвалидностью и молодежи предусмотрена квота на 5 тыс. льготных микрокредитов. В результате в этом году 15 тыс. многодетных семей получат возможность заняться собственным делом и повысить свои доходы.
Организованные в рамках мега-фестиваля мастер-классы являются частью социального проекта "Асыл ана". Его цель - обучение многодетных матерей, привлечение их к малому и среднему бизнесу через развитие национального бренда. В комплекс мероприятий входят обучающие семинары, занятия по швейному и прикладному искусству, организация своих выставок, мастер-классов для ведения бизнеса через социальные сети.
В целом, проект «Асыл ана» предусматривает создание Центра поддержки многодетных матерей, оказывающего юридические и психологические консультации, реабилитационную помощь.
Данный социальный проект способствует раскрытию потенциала многодетных и малообеспеченных женщин для ведения собственного дела, развитию их возможностей, а также популяризации национального ремесленничества.
